Алейник Ольга Владимировна-Подстепное ауылдық «Жігер» коворкинг орталығында кітапханашы. 20.06.1963 жылы дүниеге келген. Ұлты – украин. Жоғары білімді кітапханашы-библиограф. Еңбек өтілі – Подстепное ауылдық кітапханасында – 37 жыл. Оның 34 жылы кітапхана меңгерушісі қызметін атқарды.

1985 жылы Ақтөбе қаласындағы мәдени –ағарту училищесіне түсіп кітапхана мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін кітапханашы-библиограф мамандығы бойынша тамамдаған.

Подстепное ауылдық кітапханасында 1985 жылдың 10 қарашасынан бері жұмыс істеп келеді. 2000 жылы аудандық  «Кітапханашы -2000» сайысында 1- орынды иемденген.

2005 жылы «Ауыл энциклопедиясы-Кіші Отан»облыстық сайысында  «Ең үздік кітапханашы-өлкетанушы»номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, 1 дәрежелі дипломмен марапатталған. «Подстепное кеше және бүгін» альбомы ауылдың кеше және қазіргі өмірі жайлы және де тарихтың бір бөлшегі сияқты ауылдың тамаша дарынды адамдарына арналған. Қазіргі уақытта «Менің туған жерім» және  «Әдеби Орал» жобаларымен жұмыстануда.

2006 жылы Теректі ауданы әкімі атынан ҚР Тәуелсіздігінің 15 жылдығына орай  «Мамандығы бойынша ең үздік» атты грамотасымен марапатталған.

Ауылдағы ақпаратты ілгерілету ісіне зор үлес қосқаны үшін  2006 жылы Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының  135 жылдық мерейтойына орай облыстық мәдениет басқармасының грамотасымен марапатталған.

Подстепное ауылдық округінің әкімі мен қоғамдық кеңестің атынан ауылдың қоғамдық өміріне белсене атсалысқаны үшін бірнеше Алғыс хатпен марапатталған. 2015 жылы  «Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы» атты үкімет медалімен марапатталған. 2021 жылы «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» үкімет медалімен марапатталған.