Александр Евстафьевич Борисюк 1921 жыл¬дың қыркүйек айында Тула облысына қарасты Белёв қаласында дүниеге келген. 1925 жылы болашақ батыр¬дың отбасы Батыс Қазақстан облысының Зеле¬нов ауданына қарасты Сереб¬ряков ауылына ( қазір бұл елді мекен Орал қаласына қарайды) көшіп келеді де, өзі осында 8-ші сыныпты бітіреді.

Қызыл әскер қатарына 1940 жылы алынған А. Бори¬сюк 1941 жылдың қыркүйегі¬нен бастап Ленинград майданында соғысады. Ол әскери өнерді шебер меңгерген минометші ретінде көзге тү¬сіп, жаудың оқ борат-қан бірнеше ондаған нүктесін жойды. 588-ші ат¬қыштар полкі¬не қарасты миномет взводының командирі (23-армияның 124-атқыштар дивизиясы) аға сержант А.Е.Борисюк 1944 жылы шілденің 9-ында Карел мойнағындағы Барышев елді мекенінің тұсында Вуокс өзенінен өтер¬де жанқиярлық ерлігімен көзге түсті.

…Жау жағы оқ жаудырып жатқанына қарамастан кеңес жауынгерлері таң ата өзеннен өтуге кірісті. Тура жандарынан жарылған снаряд қайықты жарамсыз қылып, бірнеше сарбазды жаралады. Осындай қиын жағдайда да командир Александр Борисюк сарбаздарды соңынан ертіп, жаралыларды құтқара отырып, жау бекінген арғы жағалауға шығып, қолдағы қару-жарақтың бәрін іске қосты. Мұндай әрекет жаяу әскердің алға жылжуына жол ашты. Әр қарыс қадам жан алып, жан беріскен қиян-кескі ұрыспен алынды. А.Борисюк жау пулеметінің үнін өшіріп, дұшпан тран¬шея¬сына да бірінші болып кіріп, қолма-қол ұрыс бастады. Жау өліспей беріспей тың күш тартып, минометшілерді кейін тықсыруға тырысты. Екі тәулік бойы үзілмеген ұрыстағы кеңес жауынгерлерінің жау шебіне бойлай енген табандылығының нәтижесінде Кеңес әскерінің басқа бөлімдеріне өзеннен өтуге мүмкіндік туды. Жаудың алты қарымта шабуылы тойтарылып, жетіншісінде гитлершілдер өлермендікпен алға ұмтылды. Бірақ А. Борисюк дереу қолға түскен жау минометін іске қосып, енді дұшпанды өздерінің қаруымен құртуға кірісті. Бұл полктің жау бекінісін біржо¬ла талқандауына жағдай туғызды. Бі¬рақ ержүрек жауынгер түбегейлі жеңіс¬ті көре алмай кетті. Ол 1945 жылғы ақпанның 15-інде оққа ұшып, Грудзендз (Польша) қаласының солтүстік шыға берісінде жерленді.

А.Е.Борисюкке 1945 жылғы наурыздың 24-інде Кеңес Одағы¬ның Батыры атағы берілді. Сондай-ақ ол Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендеріне қоса, медальдармен де марапатталған.

Серебряков ауылында батырдың атында көше бар, оның есімі осы кенттегі қаза тапқан батырларға қойылған ескерткіште қашалып жазылған.

Жеңістің 65 жылдығына орай Серебряков орта мектебінде жауынгерлік Даңқ мұражайы ашылып, Кеңес Одағының Батыры Александр Борисюк туралы арнайы бұрыш жасақталды.

Әдебиеттер тiзiмi

1965 жыл
1.Ол Ленинградты қорғады: [Кеңес Одағының Батыры А. Борисюктің ерлігі жайында] // Орал өңірінің батырлары.-Орал, 1965.-11-12 б.

1969 жыл
2.Борисюк Александр: өмірдерек // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары.-Алматы: Қазақстан, 1969.-Т.1.-137-138 б.

1985 жыл
3.Керімов А. От ішінде өткел жоқ // Орал өңірі.-1985.-25 сәуір.

2005 жыл
4.Борисюк Александр: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-Алматы: Өлке, 2005.-12 б.

2010 жыл
5.Борисюк Александр: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы: Арыс, 2010.-195 б.
6.Борисюк Александр: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.-Алматы: Өнер, 2010.-48-49 б.
7.Борисюк Александр: өмірдерек // Жеңімпаздар-Победители.-Орал, 2010.-13 б.
8.Зеленовтық Кеңес одағының Батырлары: [Александр Борисюк туралы] //Ауыл тынысы.- 2010.-7 мамыр.-2 б.