Алғазы Гүлнұр Маратқызы – Орталық қалалық кітапханасының өнер және ұлттық салт- дәстүрлерді дамыту бөлімінің кітапханашысы
Кітапханалық жұмыс өтілі – 14 жыл.
Гүлнұр Маратқызы 1985 жылы 6 қаңтарда дүниеге келген. Білімі жоғары педагогикалық. 2003-2007 жж. М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ «Орыс филологиясы» факультетін «Орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2018-2020 ж.ж. осы оқу орнын «Қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Жоғары санатты кітапханашы. 2008 жылы әдістемелік бөлімде, 2015 жылдан бастап өнер бөлімінде қызмет атқаруда. 2011-2018 ж.ж. №5517 әскери бөлімінің жанынан құрылған «Жайық жігері» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы қызметін атқарды. 2019 жылы 18-29 наурыз аралығында Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің біліктілікті көтеру орталығында «Латын әліпбиін оқытудың инновациялық әдістері» және Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» тақырыбындағы тренерлерді дайындауға арналған 72 сағаттық республикалық курстарды оқып келіп латын әліпбиін оқытушы-тренер ретінде бірнеше мемлекеттік мекемеде сабақ берді. Орталық кітапханада ашылған латын әліпбиі кабинетінің жұмысын жүргізді. Гүлнұр Маратқызы Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің, Орал қалалық әкімдігінің, «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының, БҚО тілдерді дамыту басқармасының т.б. көптеген алғыс хаттарымен марапатталды; бірнеше сертификаттың иегері. БАҚ жарияланған мақалалардың авторы болып табылады. Өз ісіне жауапты, жан-жақты, білікті маман.