Ақын 1944 жылы 23 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Еңбек ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1966-1971 ж. Орал облыстық «Орал өңірі», Талдықорған облыстық «Октябрь туы», республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, 1971-1972 ж. «Қазақфильм» киностудиясында редактор, 1972-1975 ж. «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, 1975-1981 ж. «Жазушы» баспасының аударма редакциясында редактор болған.

Тұңғыш өлеңдер жинағы «Өрімтал» 1967 жылы жарық көрді. «Наз» (1969), «Қуанышым – іңкәрім» (1976), «Сені ойлаймын» (1973), «Ақ қанат» (1975), «Бақыт әні» (1978), «Ақжелең» (1985), «Сүмбіле» (1990), «Ақ шағала» (2001), «Лебединая верность» (2004), «Гүлдесте» (2009), «Ақ айдын» (2011), «Қайран қарлығаштар-ай» (2014), «Ана сыры», «Парасат сөзі», Ана әлдиі», «Өлең деген құдірет» (2018), «Ақ Шағала», «Ана жүрегі» (2023) атты таңдамалы шығармалары және «Менің Фаризам» (2024) естелік-эссесі оқырманға жол тартты.

С.Капутикян, В.Тушнова, А.Ахматованың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы.