Орал қаласындағы көптеген ғимараттардың жанында ілінген ескерткіш тақталар келер ұрпаққа тарих куәсіндей сыр шертеді. Осындай тарихы терең ғимараттардың бірі- бұрынғы атаман үйі. Ғимарат 1825 жылы әскери архитектор М. Дильмединоның италияның «палаццо» стилінде салынған. 1830 жылдарға дейін атаман Д.М. Бородиннің меншігінде болған. Атаман Д. Бородин қайтыс болған соң оның мұрагерлері әскери қазынаға сатқан. Ғимарат 1917 жылға дейін Орал казак әскери атамандарының резиденциясы болды. Осы үйде казак атамандары Орал қаласына келген ең құрметі қонақтарды қабылдап, құрметтеген. Осы үйде Ресейдің болашақ императорлары Александр ІІ-1837 жылы, Николай ІІ- 1891 жылы, В.А. Жуковский, В.И. Даль, Л.Н. Толстой, сондай-ақ А.С. Пушкин де болған. Кеңес Үкіметі кезінде бұл үйде әскери бөлім, кейіннен пионерлер Үйі, А.П. Гайдар атындағы балалар кітапханасы да осы үйде болды. Кейін кітапхана басқа ғимаратқа көшіріліп, мұнда өлкетану мұражайының әдеби бөлімі қоныс тепті. Қайта құру жылдары бұл ғимарат күрделі жөндеуге жабылып, жөндеуден өткен соң ІІБ госпиталі болып ашылды. Ғимарат ХІХ ғасырдың архитектуралық ескерткіші ретінде мемлекеттің қарауында.