Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқықты қорғау күні.
Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқықты қорғау күні.

Құрметті оқырмандар!
23 сәуір – әлем әдебиеті үшін айтулы күн – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқықты қорғау күні.
Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы адамзатты зияткерлікке, ізгілікке, өркениетке бастайтын Кітап күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды.
Бүгінгі таңда кітап мерекесі бұл тек кітаптың ғана емес, мәдениет, әдебиет өкілдерінің, баспа, полиграфия және кітап саудасы, кітапханашылардың, оқырмандардың, барша кітап сүйер қауымның рухани мерекесі.
Қазақ халқы – кітапты кие тұтып, ерекше қадірлеген ұлт. Ендеше, мереке құтты болсын! Баршаңызға шығармашылық табыс тілейміз!
Әлеуметтік желіде кітапханамен бірге болайық!
https://www.facebook.com/zkolibr/
https://www.instagram.com/oblystyqkitaphanasy/
https://www.zkolib.kz/
Пікір үстеу