Бақтыгереева Ақтоты Нәсіпқалиқызы 1966 жылы 22-ші желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында, Мәстексай ауылында дүниеге келген. 1984 жылы орта мектепті бітіріп Орал мәдени ағарту училищесінде кітапхана бөлімін 1986 жылы бітіріп шықты. Еңбек жолын Қызылоба ауылының Айтпай бөлімшесінде кітапханашы болып істеді. 1988 жылы Мәстексай ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы жұмысын атқарды. 1990 жылдан қазіргі уақытқа дейін Мәстексай ауылдық кітапханасының кітапханашы болып жұмыс атқарды. 2001-2004жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Кітапханатану және библиография» факультетін сырттай бітірген. 2007 жылы қараша айында компьютерлік сауаттылықтын толық оқу курсын бітіргені үшін Сертификат алды. 1990 жылдан бері Мастексай ауылдық кітапханада жұмыс істеп келеді.

Ақтоты Нәсіпқалиқызы 2011 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық аясында оздырылып отырған «Кітап оқу –рухани құндылықтарымыздың басты негізі» конференциясына қатысып «Үздік кітапханашы» атанды.

А. Бақтыгереева өңіріміздің мәдениетіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы «Мәдениет Майталманы» төс белгісімен, кітапхана қызметінде сіңірген еңбегі үшін әр жылдары облыс, аудан, ауыл әкімдігінің, мәдениет бөлімінің, сондай-ақ облыстық, аудандық кітапханалардың алғыс хаттарымен марапатталды.