Батырханова Гүлстан Айдарқызы 1971 жылы дүниеге келген. 1988 жылы Бөкейорда ауданы, Сайқын ауылындағы М.Мәметова атындағы орта мектепті бітірген. Мектеп бітіргеннен кейін Саратов қаласындағы №11 КТУ-нің « Байланыс операторы, телеграфист» мамандығына оқуға түседі. 1989-1990 жылдары Сайқын станциясында телеграфист болып қызмет жасады. 1990-1992 жылдары Басты почтада, 1992-93 жылдары Орал қаласындағы №5почта бөлімінде телеграфист болып жұмыс істеді. 1993-1994 жылдары Фурманов ауылында балалар кітапханасында кітапханашы қызметін атқарды. 1994-1997 жылдарыы Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтының сырттай бөлімін оқып бітірген. 1995 жылы Крупская атындағы облыстық кітапхананың депозитарлық бөліміне жұмысқа орналасқан. Кейін кітап қорын сақтау, абонемент, кітап қорын толықтыру, бөлімдерінде жұмыс жасады. Қазір кітап қорын өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінде қызмет атқарып келеді. 2019 жылы «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Батырханова Гүлстан Айдарқызы
просмотров: 44