Базартаева Гүлжан Уахитқызы 1965 жылы 15 мамырда Казталов ауданы Бостандық селолық советінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі- жоғары. Жалпы еңбек өтілі – 40 жыл, кітапхана саласында -35 жыл, 9 ай.
1982 жылы Бостандық орта мектебін бітіріп, 1982-1984 жылдар аралығында әр түрлі жұмыстарға араласып, 1984-1986 жылдары Орал мәдени-ағарту училищесінің «кітапхана ісі» мамандығы бойынша арнаулы орта білім алып шығады.
1986 жылы шілде айынан бастап Казталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Қаракөл ауылдық кітапханасына кітапханашы болып алғашқы кітапханашылық еңбек жолын бастаған. Кітапханашылық қызметінде ауыл тұрғындарын кітапханаға тарту мақсатында насихат жұмыстарын түрлендіре жүргізіп оқырмандарының ілтипатына бөленіп отырды. Жас маман құлшынысымен атқарған еңбегі ерекшеленіп, аудандық кітапханаға жұмысқа тартылды.
1990 жылдың сәуір айынан бастап Казталов аудандық кітапханасына әдіскер болып ауыстырылды. Осы жылдан бері барлық ауыл кітапханашыларына әдістемелік көмектер беріп, заман талабына сай кітапхана саласының алға қарай жұмыстануына өз үлесін қосып келеді. Кітапхана саласына жұмысқа қабылданған жас мамандарға оқырманмен арадағы байланыстың бекем болуы үшін аянбай еңбектеніп, артынан кадр дайындауда көп еңбектеніп келеді.
2003 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түсіп, еңбектен қол үзбей жүріп білімін жетілдіріп, жоғары білім алды. Осындай білімін кітапхана саласына арнаған маман әдіскер осы салада қол үзбестен еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде көптеген семинар кеңестер оздыруда, ауыл кітапханашыларының кәсіби шеберліктерін арттыруда еңбегі зор. Кітапхана саласына жаңадан жұмысқа алынған кітапханашыларға үйретері мол маман. Әр оқырманның талабын орындауда қызмет атқару үшін кітапханашылар тәрбиелеуде ерінбей еңбектеніп келеді.
Кітапхана саласындағы атқарған еңбектері үшін бірнеше алғыс хаттармен және 2021 жылы Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен марапатталды.