Бейсенғали Мұқамбетов 1908 жылы Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданының Лубенка ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылады, ал 1943 жылдың сәуірінен бастап, Оңтүстік Батыс, 3-Украина, 1-Беларусь майдандарында неміс басқыншыларына қарсы ұрыстарға қатысады.
Соғыста көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін ол Даңқ орденінің толық 3 дәрежесімен марапатталды. Соғыстан кейін туған ауылында 12 жыл бойы төраға болып жұмыс істеді, содан соң көп жыл Шыңғырлау совхозында еңбек етті. 1966 жылы қайтыс болды.
Әдебиеттер тiзiмi
1985 жыл
1.Сейтақов Ғ. Жеңілмеген жауынгер: Б. Мұқамбетов туралы // Орал өңірі.-1985.-17 мамыр.
2005 жыл
2.Мұқамбетов Бейсенғали: Өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-2005.-Алматы: Өлке, 2005.-51 б.
2010 жыл
3.Мұқамбетов Бейсенғали: Өмірдерек // Жеңімпаздар-Победители.-Орал,2010.-52 б.