Даулетқалиева Айжан Қайратқызы 1979 жылы 23 мамырда Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген.
1986-1996 жылдары Орал қаласындағы №5 жалпы білім беретін орта мектепті бітірген.
1997-2001 ж.ж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінің «Кітапханашы-библиограф» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында кітапханашы қызметінен бастайды. Қазіргі таңда аталмыш кітапханада қызмет көрсету бөлімінің басшысы қызметінде.
А.Даулетқалиева мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуде ерекше қабілетімен танылған өз мамандығының нағыз шебері. Оның бастамасымен кітапханада «Ақжайық» зияткерлік клубы ашылып, еліміздегі және Ресей арнаулы кітапханаларының оқырмандары арасында Оnline режимінде зияткерлік ойындарын өткізіп келеді.
«Мәдениет арқылы – әсемдік әлемге» кітапханалық бағдарламасын қолға алып, зағип жандарды өлкеміздің тарихымен, қаламыздағы ардақты азаматтарының өмір жолдарымен таныстыру бағытында мәдени орындарға, музейлерге экскурсиялар ұйымдастырды.
Сонымен қатар өлкеміздің өнер саласында жүрген саңлақтарының өнерін, еңбегін насихаттау мақсатында «Өнерде өрге жүзгендер» жобасын сәтті жүзеге асырып келеді.
Көру қабілеті бұзылған жас оқырмандардың бойларындағы қабілеттіліктері мен өнерлерін шыңдап, ортаға салып, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Ақниет» шығармашылық жобасының авторы.
Мәдениет саласындағы жемісті еңбегі үшін А.Даулетқалиева 2016 жылы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Сонымен қатар ҚР-сы Ұлттық академиялық кітапханасының сертификатымен(2019 ж), Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының 50 жылдық мерейтойында «Оқырман көзайымы» сертификатымен (2019 ж), Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің сертификатымен (2020 ж), зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың, ҚР-сы мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хаттарымен (2019 ж), Қазақстан таланттары өнер-білім дамыту шығармашылық орталығының «Үздік қызметкер» төсбелгісімен (2019 ж) марапатталды.Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің IV-ші «Рухани қазына» онлайн облыстық фестивалінде«Үздік облыстық зағип және нашар көретін азаматарға арналған кітапхана қызметкері» дипломына (2021 ж) ие болды.
Отбасылы. Екі ұл, бір қыз тәрбиелеуде.