Дүйсеғалиева Ұлбике Рамазанқызы 1970 жылы 5 ақпан күні Орда ауылында дүниеге келген. 1977-1987 жылдары М.Горький атындағы Орда орта мектебінде онжылдықты тәмәмдаған.
1987 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) мәдени ағарту училищесіне оқуға түсіп, 1989жылы осы училищенің кітапхана ісі мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек өтілі – 28 жыл, саладағы еңбек өтілі- 25 жыл.

Еңбек жолын 1998 жылы Хан ордасы балалар кітапханасында кітапханашы болып бастаған. Жас маман ретінде өзін біліктілігімен, шараларды ұйымдастыру қабілетімен, ізденгіштігімен ерекшеленіп, 2008 жылы Хан ордасы ауылдық кітапханасына меңгеруші болып ауыстырылып, осы уақытқа дейін абыройлы қызмет атқарып келеді. Ауылдың қайнаған өміріне белсене араласып, өлкетану жұмысына көп көңіл бөліп, «Орда туған мекенім», «Бөкей орда тарихы», «Орда ақындар – жазушылар шығармасында», «Орда ерліктер шежіресі» атты үлкен көлемде конференциялар өткізіп көптің көңілінен шығып, оқырмандардың қызығушылығын оятта білген тәжірибелі маман .
2018жылы Хан ордасы ауылдық кітапханасы үлгілі (модельді) кітапхана статусын алды. Осы кезде де Ұлбике Рамазанқызы өзінің таңдаған мамандығының қыры мен сырын жетік меңгерген маман ретінде көрсете білді.Үлкен шаралар ұйымдастырып,көрмелер жасақтап,оқырмандардың көңілінен шықты.

Кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілеті үшін республикалық және облыстық алғыс хаттармен марапатталған.
Ұлбике Рамазанқызы – кітапхана ісінде өзіндік орны бар маман.