1924 жылы Шыңғырлау ауданының Алмаз ауылдық округіне қарасты Аққұдық (Константиновка) елді мекенінде дүниеге келген ол 1942 жылғы шілде айында әскерге алынған. 1944 жылы 556-атқыштар полкінің құрамында Могилев облысы Быхов ауданы Лудчицы деревнясын азат етуде мәңгі өшпес ерлік көрсетіп, тарихта батыр болып қалды.

Бұл маусым айының 23-нен 24-не қараған түн еді. 556-шы атқыштар полкінің ротасы деревня маңында ұрыспен жаудың қорғаныс шебін бұзып өтіп, алға ұмтылған еді. Шағын деревняны қалайда бермеуге жанталасқан немістер шабуылды әлсін-әлсін тойтарып, заулатқан зеңбірегімен, қарша боратқан оғымен талай сарбаздың өмірін қиды. Әсіресе, Лудчицының шығыс жағындағы дөң үстінде дзотқа орналасқан «аузы жабылмаған» жау пулеметі жауынгерлердің басын көтертпеді. Осы жау нүктесінің үні өшкенде ғана шешуші сәт өз жақтарында болатынын бәрі де түсінді. Сарбаз Сүндетқали қаруластары күтпеген шешімге келді. Жер бауырлап барып, пулеметке граната лақтырып еді, бірақ ол жарылмай қалды. Бұны көрген жауынгер ұшып тұрып,амбразураны өз кеудесімен жаба құлады. Қақалып-шашалған пулеметтің үні сонда ғана өшті. Осылайша жанқиярлық ерлігімен С.Есқалиев өз жолдастарына жол ашқан еді. А.Матросовтың ерлігін қайталап, небәрі жиырма жасында қыршын кеткен қазақ жігітіне 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ауылдастарының сөзіне қарағанда, Сүндетқали жетім өскен. Оны Рахима Имашева есімді абзал ана асырап алып, ер жеткізеді. Кейін 1967 жылы Р.Имашева ауыл делегациясы құрамында батыр жерленген жерге барып, тағзым етіп қайтқан. 1966 жылы ол оқыған мектепке ердің есімі беріліп, мүсіні қойылды. Сондай-ақ Минск, Быхов және Орал қалаларының бір-бір көшесі С.Есқалиевтің есімімен аталады. «Ердің атын ел сақтар» деген осы болса керек.

Әдебиеттер тiзiмi

1962 жыл
1.Ермекбаев Г. Қос батыр: [Совет Одағының батырлары С. Есқалиев пен Андрей Тихоненко жайлы] // Қазақстан мұғалімі.-1962.-25 қаңтар.

1965 жыл
2.Миханов Қ., Набиуллин Ж. Ол Матросовтың ерлігін қайталады // Орал өңірі.-1965.-17 сәуір.

1967 жыл
3.Борисов Г. Сүндетқали Есқалиев – Днепр қаһарманы // Лениншіл жас.-1967.-22 тамыз.
4.Борисов Г. Сүндетқали Есқалиев – Днепр қаһарманы // Орал өңірі.-1967.-25тамыз.
5.Ер есімі ел есінде // Орал өңірі.-1967.-15 ақпан.
6.Ивин А. Ер есімі ел есінде: [1944 жылдың 24 маусымында А.Матросовтың өлмес ерлігін қайталаған Совет Одағының Батыры Сүндетқали Есқалиев туралы] // Орал өңірі.-1967.-15 ақпан.

1968 жыл
7.Батырдың портреті: [Совет Одағының Батыры Сүндетқали Есқалиев жайлы] // Социалистік Қазақстан.-1968.-9 маусым.
8.Ермекбаев Г. Қос батыр // Қазақстан мұғалімі.-1968.-25 қаңтар.
9.Миханов Қ., Набиуллин Ж. «Бомба бол да, жарыл жүрек»: [Совет Одағының Батыры, автоматшы С. Есқалиев туралы] // Лениншіл жас.-1968.-1 ақпан.

1969 жыл
10.Есқалиев Сүндетқали: өмірдерек // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары.-Алматы: Қазақстан, 1969.-313-314 б.

1973 жыл
11.Жақыпов Ә. Барлауда бірге болғанда: [Совет Одағының Батыры Сүндетқали Есқалиев туралы] // Лениншіл жас.-1973.-22 маусым.

1975 жыл
12.Баюканский Ф. Батыр туралы жаңа деректер: [Совет Одағының Батыры Сүндетқали Есқалиев жайлы] // Орал өңірі.-1975.-26 қыркүйек.
13.Жақыпов Ә. Ұрпаққа үлгі мақтаныш // Орал өңірі.-1975.-14 қараша.
14.Моисеев В. Батырлар жайында // Орал өңірі.-1975.-14 қараша.
15.Сейітов С. Мәңгі өшпейтін данқ // Орал өңірі.-1975.-20-21 ақпан.

1978 жыл
16.Кең кеудесімен жауып: А. Матросовтың ерлігін қайталаған Совет Одағының Батыры С. Есқалиев туралы // Лениншіл жас.-1978.-4 ақпан.

1985 жыл
17.Жақыпов Ә. Оқ ұясына атылған ер // Орал өңірі.-1985.-28 наурыз.

1986 жыл
18.Лұқпанов Б. Батыр: [Данқты батыр, Совет Одағының Батыры, жерлесіміз Сүндетқали Есқалиев туралы] // Орал өңірі.-1986.-5 қараша.

1991 жыл
19.Иночкин А. Биіктікте болған шайқас // Орал өңірі.-1991.-13 қыркүйек.

1994 жыл
20.Әбубәкіров А. Өшпес ерлік: [Сүндетқали Есқалиев туралы] // Орал өңірі.-1994.-14 шілде.

1997 жыл
21.Сейітов С. Ер есімі мәңгілік: [Совет Одағының Батыры Сүндетқали Есқалиевті еске алу] // Қазақстан сарбазы.-1997.-4 ақпан.

2005 жыл
22.Есқалиев Сүндетқали: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-Алматы: Өлке, 2005.-21 б.

2010 жыл
23.Ақжайық ақиықтары: [Кеңес Одағының Батыры Сүндетқали Есқалиев жайлы] // Айна.-2010.-18 ақпан.-8 б.
24.Бейісқұлов Т. Матросовтың ерлігін одан бұрын жасаған қазақ // Мәдениет.-2010.-№5.-11 б.
25.Есқалиев Сүндетқали: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы: Арыс, 2010.-252-253 б.
26.Есқалиев Сүндетқали: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.-Алматы: Өнер, 2010.-86-87 б.
27.Есқалиев Сүндетқали: өмірдерек // Жеңімпаздар. Победители.-Орал, 2010.-22 б.