Филипп Григорьевич Волков 1901 жылы Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталғанда, бірінші күннен-ақ соғысқа аттанған. Мерген броня бұзушы, ұста шабандоз Филипп Григорьевич Волков көптеген ұрыстарда ерекше көзге түскен. Ол Волга бойындағы тарихи-ұрысқа қатысушы, дұшпанның көптеген танкісі оның танк атар мылтығынан дәлдеп атылған оқтан қиратылған.
Филипп Григорьевич Волков туған ауылына оралған соң, ұста балғасын қайта қолына алды. Оның ерлігі туралы ешкім ештеңе білген жоқ. Алайда бір күндері «Правда» газетінде 1946 жылдың 15 мамырында КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Филипп Григорьевич Волковқа Совет Одағының Батыры атағы берілгендігі туралы мақала жарық көрді. Ол Ленин, 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Соғыс кезінде алған жарақаттары және көп жылға созылған ауру Филипп Григорьевич Волковтың денсаулығын нашарлатты. Ол 1948 жылы қайтыс болды. Батыр жерлесімізді мәңгі есте сақтау мақсатында туған ауылында ескерткіш орнатылған, оның атына көше берілген.
Әдебиеттер тiзiмi
1965 жыл
1.Гвардия солдаты: Кеңес Одағының Батыры Ф. Волков туралы // Орал өңірінің батырлары.-Орал, 1965.-13-14 б.
1969 жыл
2.Волков Филипп: өмірдерек // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары.-Алматы: Қазақстан, 1969.-Т1.-183-184 б.
1985 жыл
3.Қажымов Қ. Жау ұясындағы ұрыстар // Орал өңірі.-1985.-20 сәуір.
2005 жыл
4.Волков Филипп: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-Алматы: Өлке, 2005.-13 б.
2010 жыл
4.Волков Филипп: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы: Арыс, 2010.-215 б.
5.Волков Филипп: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.-Алматы: Өнер, 2010.-61 б.
6.Волков Филипп: өмірдерек // Жеңімпаздар-Победители.-Орал, 2010.-14 б.