Ғайсина (Абдуллина) Гүлмира Ермекқызы 1986 жылы 24 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы Сайқын ауылында дүниеге келген. 1993ж. М.Мәметова атындағы ЖОББМ табалдырығын аттап 2005жылы бітірген. 2019–2021ж. Батыс Қазақстан Инновациялық – технологиялық университетінің «Кітапхана ісі» бойынша жоғары білім алған.
Еңбек өтілі – 12 жыл, саладағы еңбек өтілі- 12 жыл.
Еңбек жолын 2010ж қазанда Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы болып бастаған. Кітапханадағы өткізетін шаралардың бел ортасында жүріп қызмет етіп, аудан көлемінде аталып өтілетін шараларға жүргізуші болып, кітап көрмелерге шолу жасап ауданның мәдени өміріне белсене араласып жұмыс атқарып келеді. Бос уақытында ағылшын тілінде курс оқып, заман ағымынан қалмай талаптанып, ақпараттық желілермен жұмыс істеп, олардың көмегімен жұмысына түрлі жаңашылдықты алып жұмыстанды. Сонымен қатар жергілікті БАҚ-пен қарым-қатынаста жұмыс жасап, өткен шараларға мақала беріп, ауданды кітапхана өмірімен құлақтандырып отырады. Қолынан келгенінше ісмерлікпен айналысып, соқыр балаларға арналған тактильдік кітап тігіп, облыстық Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасына тапсырды.
2020жылы аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі болып ауысып, облыстық көлемде өтіп жатырған түрлі шараларға қатысып, еңбекқор, ұшқыр қиялды, қазіргі заман талабына сай маман екенін көрсетіп келеді.
Кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «100жаңа есім» жобасымен жұмыстанып, ауданымыздан шығып түрлі жетістіктерге жеткен тұлғаларды ауыл жастарына үлгі етіп ұсынып отыр. Өткізілген іс-шаралар туралы ақпаратты үнемі әлеуметтік желілерге шығарып отырады. Жыл сайынғы Елбасы Жолдаулары, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша әрдайым тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді
Тынымсыз еңбегінің арқасында көптеген жетістіктерге жетіп, кітапхана жанынан өткізіліп жүрген ауқымды шараларды ұйымдастыруға, кітапхананың қазіргі заман талабына сай жұмыстануына атсалысып жүрген маман.
Кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілеті үшін Батыс Қазақстан облысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиевтың (2019), Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми – әмбебап кітапханасының директоры Ш.Уразаеваның (2018) аудан әкімі Н.Рахымжановтың «Алғыс хат»тарымен марапатталған.