Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Жұбан Молдағалиев» энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі өтті
Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Жұбан Молдағалиев» энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі өтті

26 қыркүйек күні Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қоғам қайраткері, ақын Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдығына орай Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Жұбан Молдағалиев» энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі өтті.
Кітаптың тұсауын Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Нәжімеденұлы мен ақынның жары София Мәлікқызы кесті.
Құттықтау сөзді Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, өлкетанушы Жайсаң Ақбай, кітаптың бас редакторы, М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының академигі А.Қыдыршаев сөйледі.
Шара барысында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Жұбан – ұрпақтар жүрегінде» атты ХХ Халықаралық онлайн байқаудың жеңімпаздары мен Облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған өлең мен бояу «Қиял қанат» республикалық онлайн байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Энциклопедияның тұсау кесер рәсіміне БҚО әкімі Ғ.Есқалиев, ақынның жары С.Мәлікқызы мен ұрпақтары, Қадыр Мырза Әлидің жары С.Мырзалиева т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты.
Пікір үстеу