Ихсанова Сәуле Төлеуғалиқызы 1970 жылы 25 қарашада Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Көпжасар ауылында қарапайым отбасында дүниеге келді. Мектеп бітіргеннен кейін 1989-1990 жылдары Орал қаласы Н.К.Крупская атындағы обылыстық кітапханада 1 жылдық кітапханашылар курсын бітіріп, 1990-1992 жылы Жаңақала ауданы ауыл шаруашылық (РАПО) мекемесінде кітапханашы болып алғашқы еңбек жолын бастады. 1992-2001 жылдары Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана оқырмандарды кітаппен қамту және абонемент бөлімдерінде кітапханашы, 2001-2003 жылдары БҚМУ М.Өтемісұлы атындағы Мәдениет және өнер институтының «Кітапханатану және библиография» факультетін тәмәмдады. 2003-2010 жылдары аудандық кітапхана оқу залы бөлімінде кітапханашы, 2011 жылы аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі, 2012-2016 жылдары аудандық кітапхана оқу залы және оқырмандарды кітаппен қамту бөлімінің меңгерушісі, 2016 жылдан кітап қорын толықтыру және жабдықтау бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді.
Сәуле Төлеуғалиқызы 2018 жылы «Ағылшын тілін оқыту» бағдарламасы курсынан, 2021 жылы ҚР Ұлттық кітапханасының «WEB-RABIS бағдарламасы» бойынша іс-тәжірибелік оқудан өтті.
Сәуле Төлеуғалиқызы кітапхана саласындағы еңбегі үшін бірнеше рет облыс, аудан әкімі атынан, облыстық мәдениет басқармасының, Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының, Х. Есенжанов атындағы облыстық жасөспірімдер және балалар кітапханасының атынан алғыс хаттарымен марапатталып, 2022 жылы ҚР Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне орай «Үздік кітапханашы» номинациясы бойынша сертификатқа ие болды.