Қайырғалиева Алуа Темірболатқызы 1964 жылы 17 қазанда Харькин селосында (бұрынғы Тайпақ ауданы) дүниеге келген. 1971-1979 жылдары Харькин 8 жылдық мектебін, 1981 жылы Краснояр орта мектебін бітірген. 1981 жылы Орал-мәдени ағарту училищесіне оқуға түсіп 1983 жылы осы училищені «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітірген. 1983 жылдан Тайпақ аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде кітапханашы болып жұмысқа орналасқан.
2015 жылдан бастап Тайпақ ауылдық модельді балалар кітапханасының меңгерушісі болып қызмет атқарады. 2016 жылы «Оқырман отбасы» байқауында (Қайырғожин отбасын әзірлеп) бірінші орынды иеленді. Кітапханадағы түрлі сайыстарға оқырмандарды қатынастырып белсенділік танытып орындар иеленді. 1983 жылдан кітапхана саласында жұмыс жасайды.

Қызмет барысында еңбегі бағаланып 2015 жылы «Заманауи балалар кітапханасы: жетістік формуласы» атты аудандық семинар-тренингті өткізуде белсенділік танытқаны үшін Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК-ның директоры Р.Исатаевадан, 2016жылы Тәуелсіздік күніне орай Батыс Қазақстан облысының мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайыновтан, 2016жылы Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Ақжайық ауданының әкімі Ә.Жоламановтан, 2017 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесіне орай облыстық кітапхана директоры Ш.Уразаевадан, 2017жылы Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күніне орай Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры З.Утешовадан, «Үздік кітапханашы – 2016» байқауында жетекшілік етіп, белсенділік танытқаны үшін ОКЖ директоры Р.С.Мусағалиевадан, «Халықаралық әйелдер мерекесі» күніне орай ауыл әкімі Т.Қуаншалиевтың мадақтама грамотасымен, 2019 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесіне орай Ақжайық ауданының әкімі Қ.Ш.Айтмұхамбетовтің алғыс хатымен және ағымдағы жылы өңіріміздің әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімі А.С.Көлгіновтің алғыс хатымен марапатталды, сонымен қатар Алуа Темірболатқызының жетекшілігімен 2021 жылы Тайпақ ауылдық балалар кітапханасы Республикалық Өнер орталығының «Үздік кітапхана» аталымын иеленді.

Жұмыс барысында өзін тыңғылықты орындаушы ретінде жақсы жағынан көрсете алды. Мінезі ашық, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өз жұмысына ынталы, қызметтік міндеттерін адал орындайды адамдармен тез тіл табыса біледі. Әр шарада оқушылардын қызығушылығын, интеллектуалдық танымдылығын арттыруға көп көңіл бөледі. Әріптестер арасында сыйлы беделді, салауатты өмір ұстануға жас мамандарды әрдайым шақырады. Қазіргі уақытта Тайпақ ауылдық модельді балалар кітапханасының меңгерушісі қызметін атқаруда.