Ғимарат 1900 жылы тұрғызылған. Ол үйді бастап салған миллионер көпес А.Т. Карев еді. Тарихи деректерге қарағанда қожасы осы үйдің құрылысын тексеріп жүргенде баспалдақтан құлап кетіп мерт болған. Құрылысты оның әйелі Д.Ф. Карева аяқтаған. Жалпы Каревтер тұқымы бұл үйде тұрмаған, оны жалға, қонақ үйге өткізген. Орал қаласындағы ең әдемі ғимаратта кезінде «Ақсүйектер жиналысы» болып тұрған, кейіннен рестораны бар Коммерциялық клуб болды, ал бірінші қабатында дүкендер болды.

Кеңес Үкіметі кезінде бұл ғимаратта көптеген мекемелер орналасты. Соның ішінде облыстық «Приуралье» газеті де осында болды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңестік Қызыл Армияның әскерлеріне арналған үлкен әскери госпиталь болды.
Қазіргі таңда бұл ғиаратта Ж. Молдағалиев атындағы Батыс қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы мен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филормония орналасқан. ХІХ ғасырдың тарихи ескерткіші болып табылатын бұл ғимарат мемлекет бақылауында.

Әдебиеттер:

 Карев үйі //Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы: «Арыс»,2002.- 312б