МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ 90 ЖАСҚА ТОЛДЫ
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ 90 ЖАСҚА ТОЛДЫ
27 ақпанда Жұбан Молдагалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның концерт залында Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, еңбек ардагері Инна Алексеевна Гудошникованын, 90 жасқа толуына орай «Культура в судьбе» атты мерейтой кеші өтті. Ширек ғасыр мәдениет басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып, мәдени-демалыс орталықтарының, мәдениет үйлерінің жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруда, өңір мәдениетінің тарихында айшықты ізі қалған ардагер. Кеш барысында мерейтой иесінің замандастары, әріптес, жора-жолдастары, ғалым, өлкетанушы, жазушы мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы ардагер Жайсан Ақбай, облыстық мәдениет, тілдер және архив ісі басқармасының басшысы және «Қазақстандық салалық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазахстан облыстық филиалы төрағасы Батырханов Айдар Тапашұлы, Инна Гудошниковаға ақжарма тілектерін білдіріп, тарихтан сыр шертіп, мәдениет саласына сіңірген еңбегін жарыса айтты. Табандылық пен жігер, жаупкершілік пен еңбекқорлық, көшбасшылық, адамгершілік, ізденісті басшылыққа алған бірден-бір еңбеккер жан. Тек бір ұжымның немесе бір салада ғана емес, жалпы қоғамда өз ісімен із қалдырған мәдениет ардагерді мерейлі жасымен құттықтаймыз!






Пікір үстеу