(1804-1846 жж.)
Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, ер рухты ақын. Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жәнібек ауданы) дүниеге келді.
Жастайынан ақыңдық өнерге құмартып өсті. Аскан дарындылығына калың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел құрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз құбылыстар мен келелі істерді өлендеріне арқау еткен.
Есімі калың жұртшылыққа таныла бастаған асқақ ақынды Жәңгір хан өз еркіне көндіріп, билік басыңда отырғандарға қарсы өлеңдер шығаруына тыйым салғысы келеді. Алайда көзі ашық, көкірегі ояу ақын оның бұйрығына мойын ұсынбады. Ал Жәңгір хан болса, оған үстемдік жасау мақсатымен, Махамбетті қамауға алғызды. 1829-1830 жылдар аралығыңца Махамбет қала бекінісшің түрмесінде отырды, бостандыққа шыққан соң Исатай Таймановқа қосылды.
Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы бастаған халық көтерілісіңде маңызды рөл атқарды, ол өзінің өлеңдері арқылы халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне қарсы куреске шақырды. Махамбеттің өлендері бостандық пен әділдікті, халық көсемдерінің батырлығын қалың халық бұқарасына паш ету мақсатында жазылды.
1838 жылы Исатай қаза болған соң, Махамбет шағын тобымен орыс әскерлерінің арасынан өтіп, Хиуа хандығына кетеді. Ол көтерілісшілерді жауға қарсы күреске қайта жұмылдырғысы келеді, алайда оның бұл әрекеті жүзеге аспайды. Ол Бөкей ордасына жасырынып келіп, шаруалар арасында хан мен патшаға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастайды, бірақ ол қайта тұтқындалып, Орынборға женелтіледі. Орынборда оған “енді қайтып бүлікке қатысушы болма” деген ескерту жасап, босатады.
Өмірінің соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді. Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан халықтың бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып, оның сыртынан бақылау қояды. Ақыры ханның тыңшылары Махамбетті асқан опасыздықпен өлтіреді.
Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы — әділдік үшін күрес, бостандық, отаршылдық жүйеге қарсылық болып келеді.

