Марат Ақторғайұлы Азбанбаевпен кездесу
Марат Ақторғайұлы Азбанбаевпен кездесу
access_time20.01.2021
perm_identity
Posted by zkolib
folder_open
Жаңалықтар

Бүгін Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Павлодар облысының Ертіс қаласында 1955 жылдың 3 қарашасында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін 1981 жылы заңгер мамандығы бойынша бітірген. Көптеген жылдар бойы жемісті және мінсіз еңбек етіп, сот-құқықтық жүйенің дамуына зор үлес қосқан, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған. Қарағанды облыстық сотында судья болып қызмет атқарған, айтар ойын кәсібіне сай дәйектерімен жеткізе білетін тағылымды, тың қаламгер Марат Ақторғайұлы Азбанбаевпен кездесу өтті.
Кездесуде Марат Ақторғайұлының жары, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Байгунисова Гүлбаршын Ыдрысқызы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР мәдениет саласының үздігі, Тасқала ауданының құрметті азаматы Нәріков Айтқали Нұрышқалиұлы және ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Амангелді Шахин, журналист, Егемен Қазақстан газетінің меншікті тілшісі Қабжанов Қазыбек Құттымұратұлы және Мәдениет саласының ардагері, Кітапхана саласының үздігі Кенжебаева Сара Көшәліқызы, кітапхана қызметкерлері болды.
Шара соңында облыстық кітапхананың директоры Уразаева Шолпан Қуанышқалиқызы қаламгер Марат Азбанбаевқа алғыс білдіріп, кітап сыйлады.








Пікір үстеу