Кеңес Одағының Батыры Темір Масин 1907 жылы қазіргі Бөкей ордасы ауданы Жиенқұм ауылында дүниеге келсе, 1947 жылы Орал қаласында көз жұмды.
Жәңгір хан атындағы тарихи мектепте білім алған Темір Жантекеұлы кейін осындағы педтехникумды бітірді. Сосын мұғалімдік жолын бастаған ол бұл қызметте де белсенділігімен көзге түсіп, соғысқа дейін-ақ мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, МТС бастығының саяси жұмыс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарып үлгереді.
Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бас¬тап-ақ майданға аттанған ол 1941 жыл¬дың шілдесінен 1945 жылға дейін қатардағы жауынгерден майорға дейін көтеріліп, әскери жолдан өткен. 51-атқыштар дивизиясы 3-полкінде саяси жетекші болған ол үнемі алдыңғы шепке сұранумен болды. 1942 жылы кіші лейтенанттар курсын бітіргеннен кейін 922-атқыштар полкі¬нің (250-атқыштар дивизиясы, 3-ар¬мия, 1-Белоруссия майданы) рота командирі болып тағайындалады. Те¬мір Масин ұрыс барысында талай рет жүрек жұтқан қолбасшы екенін таныта білді.
1944 жылы маусымның 25-інде екі пулемет станогының расчеті және взвод жауынгерлерімен бірге ол Ве¬ликая Ляда-Озерана (Рогачев ауданы, Гомель облысы) жолында немістердің қарсы шабуылына той¬тарыс берді. Дегенмен өміріндегі ең басты да шешуші шайқасы 1944 жылы шілденің 1-інде өтіп еді.
Сол күні Могилев-Минск жолын Старомартьянов деревнясы тұсынан басып алу жөнінде бұйрық беріледі. Капитан Т.Масиннің ротасы өзі жүретін екі зеңбіректің көмегімен немістер орналасқан бекі¬ніске тұтқиылдан шабуыл жасап, жолды жаудан тартып алады. Күші басым жау стратегиялық маңызды нысанды қайткенде де қайтарып алу үшін үздіксіз шабуыл жасайды. Бірақ кеңес жауынгерлері бой бермейді. Рота жаудың сегіз қарсы шабуылына төтеп беріп, фашистерді үлкен шығынға ұшыратты: немістің 800 солдаты мен офицері мерт болып, 74 автокөлігі мен 43 мотоцикл істен шығады. Темір Масин басынан қатты жарақат алғанына қарамастан, қосымша күш келгенше ротаны басқарып, саптан кетпейді. Берілген жауынгерлік тапсырманы үлгілі орындағаны үшін Т.Ж.Масинге 1945 жылғы наурыздың 24-інде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Батыл командир Ленин, жа¬уын¬гер¬лік Қызыл Ту, Даңқ орденде𳬬мен, медальдармен марапатталған.
1945 жылдың шілдесінде гвар¬дия майоры Т.Масин бейбіт еңбекке оралды. Ол Тайпақ аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болып сайланды. Өзінің бар күш-жігерін соғыс¬тан күйзелген елдің хал-ахуалын жақсар¬туға жұмсады. Осылайша өмір жолы жалғаса берер ме еді күтпеген жағдай килікпегенде.
1947 жылдың маусымында даланы алапат өрт шарпыды. Т.Масин барлық күш пен техниканы жұмылдыра отырып, өртпен аянбай күресті. Өрт сөндірілді, алайда Темір Масиннің өзі адамдарды құтқара жүріп, ауыр күйік алды, Дәрігерлердің қаншама күш салғанына қарамастан, 1947 жылғы тамыздың 8-інде қайтыс болды.
Батыр Орал қаласында жерленген, қабірі басына, сондай-ақ Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылында ескерткіш орнатылған. Қалада оның атында көше, Бөкей ордасы ауданында орта мектеп бар. Ақжайық ауданының Базартөбе ауылында батырдың мүсіні қойылған.
Әдебиеттер тiзiмi
1961 жыл
1.Молдағалиев Ж. Ер есімін әлі ұмытпайды: [Совет Одағының Батыры Темір Масин] // Социалистік Қазақстан.-1961.-23 ақпан.
1965 жыл
2.Ғайсин С. Бүкіл өмірі ерлік еді: [Совет Одағының Батыры Темір Масин Туралы] // Лениншіл жас.-1965.-3 ақпан.
1966 жыл
3.Тілеков Ж. Темір Масин.-Алматы: Жазушы, 1966.-40 б.
1969 жыл
4.Масин Темір Жантекеұлы: өмірдерек // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары.-Алматы, 1969.-31-32 б.
1972 жыл
5.Әбілов Х. Ер есімі – ел есінде: [Совет Одағының Батыры Темір Масин жайында] // Орал өңірі.-1972.-23 ақпан.
1975 жыл
6.Совет Одағының Батыры, капитан Темір Масиннің Батыс Қазақстан облыстық оқу бөлімінің қызметкері Дина Сүндетоваға хаты // Сәлем саған майданнан, Қазақстан!.-Алматы, 1975.-319-320 б.
7.Тұрарбеков З. Оқтан да, оттан да қаймықпаған: [Масин Темір жайлы] // Қазақстан мұғалімі.-1975.-25 сәуір.
8.Моисеев В. Батырлар жайында: [Темір Масин жайлы] // Орал өңірі.-1975.- 14 қараша.
1977 жыл
9.Сәрсенов М. Батырмен кездесу // Орал өңірі.-1977.-9 мамыр.
1978 жыл
10.Сахипова Ж. Халқымыздың қаһарман ұлы: [Совет Одағының Батыры Темір Масин] // Орал өңірі.-1978.-14 желтоқсан.
1982 жыл
11.Әбілов Х. Батырдың ерлігі – елге мұра: [Совет Одағының Батыры Темір Масин туралы] // Орал өңірі.-1982.-23 ақпан.
1984 жыл
12.Жанғазиев Қ. Майданнан хат: [Совет Одағының Батыры Темір Масиннің ерлік істері әңгіме болады] // Орал өңірі.-1984.-18 қаңтар.
13.Мәулетов Ж. Белоруссия жерінде: [Белоруссия жерін жаудан азат еткен Совет Одағының Батыры Масин Темірдің т.б. ерлер жайлы] // Орал өңірі.- 1984.-8 маусым.
1985 жыл
14.Өтегенов Б. Мәңгілік өмір: [Темір Масин туралы толғау] // Орал өңірі.- 1985.-19 наурыз.
15.Ырзабаев Б. Жарық жұлдыз: [Поэма. Совет Одағының Батыры Темір Масин жерлесімізге арналады] // Орал өңірі.-1985.-18, 19, 23 шілде.
1986 жыл
16.Жұмағалиев Қ. Соңғы ерлік: [Темір Масин туралы жыр] // Мәдениет және тұрмыс.-1986.-№8.-14 б.
17.Сейітов С. Ақ таяқты капитан: [Совет Одағының Батыры Темір Масинге мадақ] // Орал өңірі.-1986.-9 сәуір.
1987 жыл
18.Жантикин М. Патриот жерлесіміздің жалынды өмірі: [Совет Одағының Батыры Темір Масиннің туғанына 80 жыл] // Орал өңірі.-1987.-24 қаңтар.
1993 жыл
19.Тұяқов С. Елеусіз тұрған ескерткіш: [Темір Масин ескерткіші] // Халық кеңесі.-1993.-7 желтоқсан.
20.Тұяқов С. Тасада тұру жараспас Темірдей батыр ағаға… // Орал өңірі.- 1993.-3 сәуір.
1997 жыл
21.Сейітов С. Сардар: [Кеңес Одағының Батыры Темір Масинге мадақ жыр]// Қазақстан сарбазы.-1997.-4 көкек.-5 б.
2000 жыл
22.Байсарин Т. Совет Одағының Батыры марқұм Темір Масиннің соңғы күндері // Жайық үні.-2000.-5 мамыр.
2004 жыл
23.Масин Темір: [Ақжайық өңірінен шыққан Батырлар] // Жайық үні.-2004.- 16 қыркүйек.
24.Сыздықов Қ. Батыр туралы ақиқат: [Темір Масин туралы] // Орал өңірі.- 2004.-21 қыркүйек.
2005 жыл
25.Әліпқали Т. Ерлікпен өрілген өр ғұмыр: [Ұлы Жеңістің 60 жылдығына] // Еділ-Жайық.-2005.-4 наурыз.-2 б.
2006 жыл
26.Қуатов Б. Ерлік данқы жалғаса береді: [Батырлар Құсайынов А, Масин Т, Есқалиев С, Жүнісов М] // Информбиржа.-2006.-20 сәуір.-15 б.
2007 жыл
27.Әліпқали Т. Ерлікпен өрілген өр ғұмыр // Информбиржа.-2007.-26 шілде.- .
28.Даңқты үш тұлғаға арналған шара // Президент және Халық.-2007.-9 қараша.-7 б.
2010 жыл
29.Әліпқали Т. Ерлікпен өрілген өр ғұмыр: [Кеңес Одағының Батыры Темір Масин] // Орал өңірі.- 2010.-22 мамыр.-4 б.
2010 жыл
30.Масин Темір: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.- Алматы: Арыс, 2010.-382 б.
31.Масин Темір: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.- Алматы: Өнер, 2010.-156 б.
32.Ұлы Жеңіске – 65 жыл: [Кеңес Одағының Батыры Темір Жантекеұлы Масин туралы] // Айна.- 2010.-4 ақпан.-9 б.
2012 жыл
33.Қадырова Г. Батырдың бауыры: [Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылында Темір Масиннің қарындасы Райса Мұхамбетқалиева тұрады] // Орал өңірі.-2012.-5 сәуір.-10 б.
34.Құрақов А. “Балам, мені ұмыттыңдар ма ?..”: [Кеңес Одағының Батыры Темір Масин туралы] // Орал өңірі.- 2012.- 5 сәуір.-10 б.
2013 жыл
35.Қажымова Л. Ерлігі өшпес өр тұлға: [Кеңес Одағының Батыры Темір Масиннің туғанына 106 жыл] // Жайық үні.-2013.-10 қаңтар.-11 б.
2014 жыл
36.Ердің Ері еді: [Темір Масин туралы] // Орда жұлдызы.-2014.-20 желтоқсан.-2 б.