Михаил Абдолов – 1918 жылы Батыс Қазастан облысы Ақжайық ауданының Бітік ауылында дүниеге келді. 1938 жылы қызыл Армия қатарына шақырылды. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Михаил ысылған жауынгер болатын. Сондықтан ол қанды шайқастың алғашқы күндерінен-ақ өжеттік пен жүректіліктің үлгісін көрсетті. Майдан даласында жеті рет жараланса да жауға деген өшпенділігі мұқалған емес. Әсіресе 74 атқыштар дивизиясының құрамында Дунай өзенінен өтерде көрсеткен ерлігі оның есімін тарихта мәңгі қалдырды.

1944 жылдың 7 қарашасына қараған түнде Михаил Абдолов бастаған барлаушылар тобы екі балықшы қайығымен Дунайды кесіп өтіп, жау тылына тұтқиылдан соққы берді. Сол түнде барлаушылар немістердің қару-жарақ қоймасын жарып, жау офицерін тұтқындады. Қайтар жолда қарсыластарының төрт самолетін жойып жіберді. Осы ерлігі үшін аға сержант Михаил Абдоловқа 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, бұрынғы жауынгерлік наградалары – Қызыл Ту, Кызыл Жұлдыз ордендерінің қатарына Ленин ордені мен Алтын Жұлдыз қадалды.

1946 жылы ерге оралып, еңбекке араласты. 1958 жылы партия қатарына өтті. Ол Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Бұлан ауылында тұрды.

2006 жылдың 11 мамырында дүниеден өтті.

Әдебиеттер тiзiмi

1965 жыл
1.Көшім жағасынан шыққан батыр: [Кеңес Одағының Батыры М.Абдоловтың ерлігі туралы] // Орал өңірінің батырлары.-Орал, 1965.-5-6 б.

1969 жыл
2.Абдолов Михаил: өмірдерек // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары.- Алматы: Қазақстан, 1969.-45-46 б.

1971 жыл
3.Балашов А. Достық ұрыстарда шыңдалды // Орал өңірі.-1971.-10 ақпан.

1983 жыл
4.Наурызғалиев Б. Азамат парызы: [Ардагер ордалық Абдолов Михаил жайлы] // Орал өңірі.-1983.-17 қыркүйек.

1985 жыл
5.Лиханов Қ. Барлауда // Орал өңірі.-1985.-15 наурыз.

2005 жыл
6.Абдолов Михаил: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-Алматы: Өлке, 2005.- 8 б.
7.Есқалиев Б. Намыс найзағайы: [Кеңес Одағының Батыры Михаил Абдолов туралы] // Орал өңірі.-2005.-8 мамыр.

2006 жыл
8.Сәлменов Б. Отан үшін от кешкен қандас жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Михаил Абдолов // Информбиржа.-2006.-4 мамыр.-15 б.

2008 жыл
9.Наурзин Ғ. Батыр да батыл барлаушы // Жайық үні.-2008.-8 мамыр.-5 б.

2010 жыл
10.Абдолов Михаил: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.- Алматы: Арыс, 2010.-100 б.
11.Абдолов Михаил: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының
Батырлары.-Алматы: Өнер, 2010.-13 б.
12.Абдолов Михаил: өмірдерек // Жеңімпаздар-Победители.-Орал, 2010.- 9 б.
13.Абдолов І. Батыр атамның әр әңгімесі есімде // Жайық таңы.- 2010.- 22 шілде.
14.Наурзин Ғ. Батыр да батыл барлаушы // Айна.-2010.-13 мамыр.-8 б.
15.Ұлы Жеңіске – 65 жыл: [Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Абдолов] // Айна.-2010.-25 ақпан.-9 б.

2011 жыл
16.Керей Ы. Ерлікке үндейді ел-жұртын ерлер: М. Абдоловқа ескерткіш // Жайық таңы.- 2011.-23 қараша.-1-3 б.

2013 жыл
17.Елдес М. Жәдігерлерде – жылдар жарқылы: [Ұлы Жеңістің 68 жылдық мерекесімен Кеңес Одағының Батыры Михаил Абдоловтың туғанына 95 жыл] // Жайық таңы.-2013.-9 мамыр.-5 б.
18.Мулдашев Н. Батырдың 95 жылдығы құрметіне // Жайық таңы.-2013.-9 мамыр.-7 б.
19.Хасанова М. Жәдігерлерде – жылдар жарқылы: [Михаил Абдоловтың туғанына 95 жыл] // Жайық таңы.-2013.-9 мамыр.-5 б.