Мұсағалиева Роза Сәкенқызы 1984 жылы Орал қаласындағы Мәдени-ағарту училищесіне оқуға түсіп, 1986 жылы осы училищені кітапхана ісі мамандығы бойынша, 2005 жылы М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ- нің «Кітапхана ісі және библиография» мамандығы бойынша тәмәмдады. 1986 жылы Чапаев ауданындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің аудандық кітапханасының абонемент бөлімінде кітапханашы болып жұмыс бастады. 1986 жылдан 2006 жылға дейін оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2006 жылғы 10 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақжайық аудандық ОКЖ-нің директоры болып қызмет атқаруда. Роза Сәкенқызы Ақжайық өңірінің кітапхана ісін дамыту мен оқу мәдениетін, ата-бабаларымыздан қалған ұлы мұраларымызды, көркем ой құндылықтарын қазіргі өскелең ұрпаққа насихаттауға және рухани мәдениетке қосқан үлесі үшін 2014 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекелік медалі, 2015 жылы «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Ақжайық аудандық мәслихатының бесінші шақырылымдағы депутаты. Ұлттық академиялық кітапханасының Бас директоры Ә.Асқардың Алғыс хатымен, облыстық Мәдениет Басқармасының бастығы А.Батырхановтың Құрмет Грамотасымен және әртүрлі бағыттағы шаралардың өтуіне лайықты үлес қосқаны үшін және 2016 жылы «Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні» мерекесінде аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 2020 жылы ақиық ақын Ж.Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген шарада белсенділік танытқаны үшін «Жұбан Молдағалиев» атындағы медальмен марапатталды. Облыстық «Жыл қорытындысы-2020» шарасында «Үздік директор – 2020» номинациясымен және «Мәдениет қызметкерлері» күніне орай облыстық мәдениет басқарамасының алғыс хатымен, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы», Қазақстандық Кітапханалық Одағының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісінің және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальмен марапатталды.

Роза Сакенқызы өзінің кәсіби біліктілігін дамытып, оны іс тәжірибеде батыл қолдану нәтижесінде кітапхана ісін дамыту бағытында кітапханалық қызметті ақпараттық жүйеге енгізу, заманауи технологияға сәйкес жүргізу бағытында айтарлықтай қызметтерге өзгерістер енгізіп, кітапхана саласында қолға алынған көпфункционалды әмбебап жүйе Web RABIS бағдарламасын іске асыруды айтуға болады. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа қадам: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында, облысымыздағы елді мекен, аудан, қала тарихы мен мәдениетіндегі маңызды, құнды деректерін, ұлттық болмысымызды айқындайтын рухани қазынамызды жинақтап, оқырмандарға жеткізу, жас ұрпақ тәрбиесіне пайдалану мақсатында мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» фестиваліне бірнеше мәрте қыметкерлерінің республикалық дәрежеде үздіктер қатарынан табылды. Роза Сакенқызы кәсіби мамандық шеберлігін жас буын мамандарға үйретумен қатар, мамандығын мақтанышына айналдырып, мамандық мәртебесін жоғары көтере білген жан.