Мұстафина Жаннат Жадігерқызы 1973 жылы 5 мамырда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары. Жәнібек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің мәдени-көпшілік жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары. Жалпы жұмыс өтілі – 30 жыл, кітапхана саласында – 30 жыл. 1992 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының мәдени-ағарту училищесінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітірді. 1992 жылы Жәнібек ауданының ОКЖ-нің «Кітап алмасу» бөлімінде кітапханашы, 1998 жылы аудандық балалар кітапханасында кітапханашы қызметін атқарған. 2000 жылы аудандық балалар кітапханасының әдіскері қызметіне тағайындалды. 2003 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылдан бастап Жәнібек ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорының мәдени-көпшілік жұмыстары жөніндегі орынбасары.
Жаннат Жәдігерқызы –санаулы білгір мамандардың бірі. Өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман ретінде көптеген жетістіктерге жетіп отыр.
Аудан тарихында 2000 жылы тұңғыш рет ұйымдастырылған «XXI ғасыр кітапханашылары» атты сайыста кәсібі шеберлігін таныта біліп, сол жылы Орал қаласында өткен «Кітапханашылар» байқауына қатысып, облыстық «Үздік кітапханашы-2000» атағын женіп алды.
Ж.Жәдігерқызының дайындаған кітапхана оқырмандары түрлі халықаралық /Ресейлік/, республикалық, облыстық байқауларға жие қатысып, жоғары нәтижелерге жетіп, алғыс хат пен дипломдармен марапатталған.
Кітапханада 2014 жылдан бастап Ж. Жәдігерқызының жетекшілігімен «Шекарада кездесу» жобасы аясында көптеген жұмыстар жүргізіп келеді.
2000 жылы Жаннат Жәдігерқызы облыстық «Үздік кітапханашы-2000» атағына ие болды. 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70-жылдық мерекесіне орай Ресей Федерациясы Курск қаласының «Чтобы дверь не открыла война!» халықаралық сценарилер байқауына қатысқаны үшін , 2016 жылы Ресей Федерациясы Самара қаласындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Е.Канигинаның 7-Халықаралық «Балаларға соғыс туралы кітап оқимыз» акцияға қатысқаны үшін, 2016 жылы «Балалар кітапханаларындағы IV С. Я. Маршак поэзиясы күні» халықаралық акцияға қатысып, Ресей Федерациясы Воронеж қаласындағы облыстық балалар кітапханасының директоры А. Аристованың, 2019 жылы «Шекарадағы кездесулер» жобасы аясында Халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін Р.Ф. Волгоград облысы, Палласовка ауданының ОКЖ-нің директоры Г. Збожинская атынан «За развитие сотрудничества в рамках международного проекта Встречи на границе» дипломдарымен марапатталды. 2019 жылы Рязань қаласындағы «Читаем Анатолия Митяева» аймақаралық акцияға қатысып, сертификат иеленген.
2019 жылы Ж. Жәдігерқызы “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында облыстық “Рухани қазына” фестивалінің “Үздік аудандық маңызы бар кітапхана қызметкері” номинациясы бойынша жеңімпазы болып, Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Рухани қазына-2019» фестивалінде «Заманауи оқырманға – заманауи кітапхана» номинациясына ие болып, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ү.Д. Мұңалбаеваның атынан дипломмен марапатталды. «Рухани қазына-2019» республикалық байқауына қатысқаны үшін Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы атынан Алғыс хатпен марапатталды.
2021 жылы «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» Заңды тұлғалар Бірлестігі атынан «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгімен наградталған.