Мукашева Дина Даниярқызы 1978 жылы 22 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылында дүниеге келген. Жаңақала аудандық орта білім беретін мектебін 1995 жылы бітірген.
1999-2002 жылдары Орал гуманитарлық колледжін, 2006-2009 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің «Педагогика және психология» факультетін бітірді. 1999-2006 жылдары кітапханада іс жүргізуші,
2007-2008 жылдары аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы, 2008-2010 жылдары аудандық балалар кітапханасының әдіскері;
2010 жылы аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі, 2011 жылы аудандық орталық кітапхана меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2011 жылдан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры қызметін атқарып келеді.
Аудандық кітапханаға басшылық ете отырып, облыстық семинарлар мен конференциялар жұмысын ұйымдастырып, ауыл кітапханаларының деңгейін көтеріп, кітапханашы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру бағытында іс-шараларды ұйымдастырып келеді.
Дина Даниярқызы кітапхананың республикалық жобасының жұмыстарына белсенді түрде қатыса отырып, облыс және аудан әкімдігінің қолдауымен ауылдық кітапханаларды модельді кітапханаларға айналдырып, коворкинг орталығын ашып, материалдық – техникалық базаны жаңартып, кітап қорын көпшілік оқырмандар сұранысы бойынша толықтыруда да жұмыстанып келеді. Кітапхана ісін дамытуға арналған түрлі тақырыптағы әдістемелік-библиографиялық құралдар шығарып, облыстық, өңірлік мерзімді басылым беттерінде кітапхана оқырмандарына арналған мақалаларды жарыққа шығарды.
Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып Жаңақала ауданының «Ажар» әйелдер ұйымы қоғамдық бірлестігінің және «Аманат» партиясының белсенді мүшесі.
Дина Даниярқызы өңіріміздің мәдениет саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының, Батыс Қазақстан облыс әкімінің, Батыс Қазақстан облыс әкімінің, «Жайық Пресс» ЖШС, Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасынан және бірнеше рет аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының бас директоры Ж.Сейдумановтың атынан «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.