Абақтыдағы жан сөзі.

Абақтыдағы жан сөзі. Түрмеде жазылған жырлар антологиясы / Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті [и др.] ; құраст. Е. Тоқтарбай. – Нұр-Сұлтан : “Алашорда” Қоғамдық қоры, 2021. – 560 б.
Ұлт тарихы уақыт ағымына қарай жаңғырып отырады. Рухани жаңғырудың негізгі бір бөлігі әдеби шығармалардың мазмұны мен мәнінде. Қолыңыздағы жинаққа темір тордың ар жағында жазылған рухты жырлар еніп отыр. Бұл өлеңдер қазақтың басынан бақ тайған құйынды кезеңнің шерлі жылдарында жазылған азалы да, қаралы жырлар болып саналады. Әдебиет зерттеушісі Елдос Тоқтарбай әр жылдары жазықсыз жапа шегіп, түрмеге түсіп, қуғын сүргінге ұшыраған қаламгерлердің түрмеде жазған шығармаларын жинастырып, оларды абақтыда туған туындылардың антологиясы ретінде даярлап, оқырман назарына ұсынып отыр.