Дала мен адам

Кучинский, М.Х. Дала мен адам = steppe und mensch = Степь и человек / М. Х. Кучинский ; жауапты ред. Д. Қамзабекұлы ; орысшаға ауд. А. Біжкенова ; қазақшаға ауд. Ж. А. Жақыпов ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі [и др.]. – Нұр-Сұлтан : “Алашорда” Қоғамдық қоры, 2021. – 320 б.
Бұл кітаптың авторы Германия ғалымы (медицина докторы, физиолог, антрополог, бактериолог), Берлин университетінің патология профессоры Макс Ханс Кучински 1924 жылы Қазақ даласын аралап, Алаш жұртының тұрмыс тіршілігін, әдет ғұрпын, табиғаты мен денсаулық жағдайын, ем домын еуропалық көзқараспен қызықты етіп хатқа түсірген. Бұл сапарды ұйымдастыруға Ә. Бөкейхан, Ә. Досұлы, Қ. Кемеңгерұлы т. б. тұлғалар атсалысқан. Еңбек 1925 жылы Лейпцигте басылып шығып, әлемдік ғылыми айналымға енген.