Роза Бағланова

Роза Бағланова : кітап-альбом/ автор-құрастырушы Қ. Абдухалимов. – Алматы : Өнер 21-ғасыр, 2021. – 280 б.
Әйгілі әншінің 100 жылдығына арналған бұл кітап-альбом өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған, кейіннен Әлемде аты аңызға айналған опера және эстрада әншісі, Қазақстанның [1955] және бұрынғы КСРО Халық артисі [1967], Халық Қаһарманы [1996] Роза Тәжібайқызы Бағланованың өмір белестерін көз алдыңызға әкеледі. Роза Бағланова Қазақтың халық әуендерін, отандық және шет елдік замандас композиторлардың, өзге халықтардың [венгр, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, әзірбайжан, корей, қытай, моңғол, орыс, үнді, чех, швед, т.б.] әндерін нақышына келтіре орындап әлем жұртшылығының көзіне түсті.