Шәмші Қалдаяқов – ән патшасы

Әкімқұлов, Е. Шәмші Қалдаяқов – ән патшасы : роман-эссе / Е. Әкімқұлов. – Алматы : Өнер , 2021. – 400 б.
Дүние дөңгелеп, заманалар зырғып мыңжылдықтар мен ғасырлар тоғысында тәуелсіздікке қол жеткізіп, егеменді ел атанған қазақстанның “Мәдени мұра” бағдарламасымен “Қазақтың мың әні мен мың күйі” жарыққа шығып, әлемге паш етілді. Осы тұста Қорқыт Ата, Құрманғазы, Тәттімбет, Ықылас, Қазанғап, Дәулеткерей, Байсерке, Сүгір сынды күй тарландары мен Ақан, Біржан, Мұхит, Әсет, Естай, Жаяу Мұса, Кенен секілді халықтың ән дәстүрлерін уақыт ағымымыен алға апарушы дарабоздардың өткен ғасырдың екінші жартысындағы ту ұстаушысы – Композитор Шәмші Қалдаяқов жөнінде көрнекті жазушы Еркінбай Әкімқұлов өзінің замандық терең толғаныспен жазылған роман-эссесін алға тартып отыр. Автор осы роман-эссенің кейіпкері – қазақтың дара тұлғалы ақеділ композиторы Шәмші Қалдаяқовпен албырт жастық шақ кезеңдерін: небір жарқын жылдары мен айтулы күндерін бірге өткізген және соның бәрін мықтап жадында тұтқан. Әйгілі қаламгердің осы өмірбаяндық шығармасы – ХХІ ғасырдағы қазақ оқырмандары үшін Шәмші Қалдаяқовтай биік тұлғаны көркем ой-көсемсөзбен өрнектеп жасаған ордалы ескерткіш.