Жарым адамнан-Толық адамға

Ыбырай, С. Жарым адамнан-Толық адамға/ С. Ыбырай ; пікір жазған Д. Қамзабекұлы ; Абай академиясы ғылыми-зерттеу институтының жобасы. – Нұр-Сұлтан : “Алашорда” Қоғамдық қоры, 2021. – 208 б.
Бұл кітапта Абай Құнанбайұлының “38 қара сөз”-“Ғақлиат тасдиқат”-“Кітаб тасдиқ” мұрасы Мүрсейіт көшірген нұсқасымен салыстырылып, бүгінгі қазақ тіліне лайықталып қайта жазылып шыққан. Шығарманың ғылыми философиялық негізі, “толық адам” идеясы, хакім қолданған ғылыми методологиялық әдістер талданып, ой тұжырымдарына түсінік берілген. Сондай ақ қазіргі жастардың ұғымына жақындату мақсатында коучинг тәсілімен жазылған бөлім енгізілген. Мұрадағы кездесетін Құран аяттары мен араб парсы сөздерінің мағыналары жаңадан толықтырылып, түпнұсқа тілде қоса берілген. Абайдың діни философиялық ой толғауларына байланысты жаңа анықтамалар жасалынып, “Ғақлиат тасдиқаттың” орысша және ағылшынша жаңадан жасалған авторлық аудармалары ұсынылған.