«Қадыр Мырза Әли – ұлт ақыны» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті
«Қадыр Мырза Әли – ұлт ақыны» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті
access_time22.01.2025
perm_identity
Posted by admin123 admin123
folder_open
Жаңалықтар
Бүгін 22 қаңтар күні кітапханамызда ақын, Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр Мырза Әлидің туғанына 90 жыл толуына орай «Қадыр Мырза Әли – ұлт ақыны» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті.
Ақын Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығын дәріптеуге арналған әдеби кештің ерекшелігі – ақынның өлеңдерін әр түрлі буын өкілдері жатқа оқып, нақыл сөздерін дәріптеді.
Шарада алдымен зиялы қауым өкілдері ақын Айтқали Нәріков, Жұбантанушы Үзілдік Елеубайқызы, ақын Болатқали Төлебаев, ұстаз Бақытханым Мақсотқызы ақын шығармашылығына тоқталып, жас буынға жыр оқудан жол көрсетті. Ақын өлеңдерімен өзінің қазақ екенін сезініп, өлеңдерін жаттап өскен орта буын аға-апаларымыз – тарихшы, өлкетанушы Ахмедияр Қуанұлы, Мәдениет саласының үздігі Нұргүл Жұбатова, ұстаз Гүлжан Елемесқызы да өлең оқып, әнмен шашу шашты. Сондай – ақ Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары мен балабақша бүлдіршіндері және кітапханашылар ақын өлеңдерін жатқа оқыды. «Гүлдәурен» балалар аула клубының тәрбиеленушілері Қадыр ақынның сөзіне жазылған «Өз елім» және «Атамекен» әндерін орындады.
Кеш соңында ағайынды Әділет және Ақтілек Әлібекұлы Қадыр Мырза Әлиге арналған жүрекжарды өлеңдерін оқып, ақын рухына құрмет көрсетті.













Пікір үстеу