Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орны Ақсай қаласынын солтүстігінде 25 км қашықтықта орналасқан. Кен орны 1979 ж. ашылды. Оның ауданы 30000 га, мұнай мен конденсат – 1200 млн.т., газ-1350 млрд.м3 астам.
Ресейге Орынбор мұнай өндеу зауытына ұзындығы 130 км. Құбыр салынып, газ бен конденсатты экспортқа шығаруға байланысты, оны өндіру 1984 ж. басталды.
40 жылға есептелген , оның өнімін бөлісу, кен орнын пайдалану және болашақта өндіруді қамтитын келісімге/ОСРП / 1997 жылы қол қойылды. Келісім Қазақстан Республикасымен бірлескен кәсіпорны компаниялары Аджип / 32.5%/,Бритиш газ Интернэшил / 32.5%/, Тексако/ 20%, Лукойл / 15%/ араларында құрылады.
Қарашығанақ кен орнын өндіру ОСРП – ке сәйкес, жетекші құжат негізінде жүргізіледі.
Қарашығанақ интегрирлі ұйым /ҚИҰ/ кен орнының потенциалын толық жүзеге асыру үшін, өндіру жабдықтарының өндіріс қуатын кеңейту жұмысы тапсырылды.
Бүгінде өндіріс өндіру объектісі ГП-3 скважиннен газ бен конденсат алады, бір-бірінен айырады, Орынбор қаласына экспортқа дайындайды. Бұл құрылыстарды қайта құру жұмысы жүргізілуде.
Кен өндіруге өндірістік дайындықтың жаңа объектілеріне мыналар кіреді:
1. Газ және конденсатты бір-бірінен бөлетін ГП-2 қондырғыны орнату, одан өңделмеген конденсат жаңа Қарашығанақ өңдеу комплексіне /ҚӨК/ жіберіледі.
2. Қарашығанақ өңдеу комплекс Концорциум Каспий құбырына /ККҚ/ беру алдында конденсатты тұрақтандыруға және газды экспортқа тасымалдау немесе жер қабатына қайтадан айдар алдында тазалауға арналғаны.
3. Өндіру өнімдерін жинақтау-көмірсутекті шикізат скважинадан ГП-2, ГП-3 және ҚӨК-не беру үшін, спутникті жинақтау бекетіне жеткізіледі.
4. Өндіріс ішіндегі құбырлар /газ және сұйық өнімге арналған/ – ГП-2, ГП-3 және ҚӨК құрылыстарын өзара жалғастыруға арналған.
5. Экспортты құбыр – КӨҚ-ман Атырау қаласына мұнай мен конденсатты тасымалдауға арналған, онда Ресейдің Новороссийск қаласына көмір-сутекті шикізатты экспортқа шығару үшін ККҚ құбырына жалғастырылады.
6. Скважиндер – 2013 жылы Қарашығанақ кен орнында 240 өндіретін және 60 айдамалау скважиндері болады.

