Қажығалиева Дина Ғарифоллақызы 1968 жылы 1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1985 жылы Алғабас орта мектебін бітірген.
1986 жылы Орал мәдени-ағарту училищесінің «кітапхана ісі» бөліміне оқуға түсіп, 1988 жылы кітапханашы мамандығы бойынша бітірген.

Кәсіби білімін жетілдіру мақсатымен 2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «кітапханатану және библиография» бөліміне оқуға түсіп, 2004 жылы «кітапханашы-библиограф» мамандығы бойынша бітірген.
«Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінде 1988 жылдан бері еңбек етеді. Алғашқы еңбек жолын әдістемелік-библиографиялық бөлімінде библиограф қызметінен бастаған.
1989-1993 жылдары аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы қызметінде еңбек етті.
1994-1997 жылдары әдістемелік-библиографиялық бөлімнің аға библиографы болып қызмет етті.
1996-1997 жылдары аудандық кітапхананың кітапханашысы болып еңбек етті.
1989-1992 жылдары аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі болып жұмыс жасаған.
1997 жылдан бері оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етеді.
Еңбек өтілі – 33 жыл.

Дина Ғарифоллақызы «Оқу – ұлт мәдениетінің негізі» тақырыбындағы облыстық зерделі кеңестің жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның алғыс хаты (2010 ж.), ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған кәсіби эстафетаны жоғары дәрежеде ұйымдастырып, кәсіби шеберлігімен біліктілігін көрсете білгені үшін Х.Есенжанов атындағы ОБЖК-ның алғыс хаты (2011 ж.), Өлкеміздің мәдениет саласында атқарған игілікті істері, ұлттық тарихымыз бен рухани қазынамыз–кітапты насихаттау жолындағы және рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие берудегі жетістіктері үшін Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Құрмет Грамотасы (2014 ж.), ҚР Конституциясының 25 жылдығы қарсаңында аудан тұрғындарының игілігі жолындағы еселі еңбегі үшін Сырым ауданы әкімінің алғыс хаты (2016 ж.), ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қоғамның рухани және мәдени байлығын дамыту, мәдени құндылықтарды сақтау және нығайту жолындағы ерен еңбегі үшін Жымпиты ауылдық округі әкімінің алғыс хаты (2016 ж.), Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай БҚО әкімінің алғыс хаты (2018 ж.), «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» Заңды тұлғалар бірлестігінің «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды (2019 ж.) , Қадыр Мырза Әлінің туғанына 85 жыл толуына орай ақынның мұрасын насихаттау, есімін ұлықтау ісіне қосқан үлесі үшін төсбелгімен (2020 ж., «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қоры) марапатталды.

 БҚО зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы ұйымдастырған «Кітапхана – тең мүмкіндікке қадам» облыстық байқауында«Мейірбандылық айлығына ең үздік сценарий» номинациясы бойынша II-жүлделі орын иегері (2013 ж.)
 Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Оқы да биіктен көрін!» библио-жобасы (2016 ж.)
 Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Ауыл кітапханаларының фестивалі» жобасы (2017 ж.)
 Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» облыстық фестивалі (2018 ж)