Құспанғалиева Гүлназ Салахаденқызы Батыс Қазақстан облысы,Бөкей ордасы ауданы, Жетібай ауылында 1984 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген. 1989жылы Жетібай ауылының бастауыш мектебінің табалдырығын атап, 2000 жылы Бисен Жәнекешов атындағы орта мектепті бітірген. 2001жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетіне оқуға түсіп, 2006 жылы «кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі – 17 жыл, саладағы еңбек өтілі – 17 жыл.
Еңбек жолын 2006 жылы Жамбыл филиал (қазіргі Жетібай) кітапханасында еңбек жолын анасының орынын жалғап, күні бүгінге дейін жұмыс жасайды.
Гүлназ Салахаденқызы еңбекқор, кітапхана жұмысын жетік білетін маман. Оқырмандардың сұранысын қанағаттандырып, мерзімді басылымдармен қамтамасыз етіп, көпшілік шаралар өткізіп, әдебиеттерді насихаттаумен жұмыстанып келеді. .
Кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілеті үшін бірнеше облыстық алғыс хаттармен марапатталған.