Қуатова Айгүл Өтешқызы 1974 жылы 15 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. 1981 жылы жалпы орта мектепті бітірген соң 1991 жылы Дәулеткерей атындағы БҚМИ кітапханалық факультетіне оқуға түскен. 1995 жылы институтты бітіріп Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК-ның оқырман залына кітапханалық жұмысқа орналасты. 1998 ж БҚМУ-дің заңгерлік факультетіне (сырттай бөлімі) оқуға түсіп, оны 2001 жылы аяқтап, «Кең кәсіпті заңгер» мамандығымен диплом алды.
1995 жылы облыстық кітапханаға оқу залының кітапханашысы болып жұмысқа алынды. 2002-2003 жылдары кітапхана директорының орынбасарлығы қызметін атқарды. 2003-2006 жылдары оқу залының меңгерушісі, 2006-2008 жылдары оқырманға қызмет көрсету бөілімінің меңгерушісі, 2008-2016 жылдары каталогтар ұйымдастыру және әдебиет өңдеу бөлімінің жетекшісі, 2016 жылдан кітап қорын толықтыру бөлімінің жетекшісі болып қызмет атқарып келеді. А.Ө.Қуатова кітап қорының толықтырылуы мен сақталуы барысындағы күрделі қызметтерді атқара отырып, олардың пайдалануын зерттеп, оқырман сұранысын қанағаттандырудың жолдарын қарастырып отырады. Облыс кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету бағытында облыс аудандарында болып, теориялық және практикалық көмектер көрсетті. Айгүл Өтешқызы өзіне тапсырылған қай салада болмасын лауазымдық қызметін сауатты, біліктілік деңгейінде атқара біледі. Кітапхана саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» Заңды тұлғалар бірлестігінің «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен (2020 ж.) марапатталды. 2021 жылы «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен марапатталған.