Кеңес Одағының Батыры Сәлім Нығметұлы Айтқұлов 1913 жылы 10 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы, Мұқыр кентінде дүниеге келген.
1941 жылғы шілде айында Сәлім Айтқұлов соғысқа аттанған, сол жерден оны барлаушылар мектебіне жібереді. 1943 жылдың жазында ол тағы да армия қатарына алынып, «тіл» алып келу тапсырмасын алған. Осы міндетті ойдағыдай орындағаны үшін алғашқы ұрыс наградасы – «Ерлігі үшін» медалін алды.
Днепрдегі операция – Сәлім Айтқұловтың батырлығын паш еткен өмірбаянының бір парағы болып табылады.
1943 жылы 17 қазанда Днепрдегі операция үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Жерлесіміз жеңісті Польша жерінде қарсылады.
1946 жылдан бастап запастағы кіші лейтенант Сәлім Нығметұлы Айтқұлов Орал қаласындағы облыстық тұтынушылар одағында басшылық қызметтер атқарды, Оралдың Приреченский аудандық партия комитетінің хатшысы болып сайланды.
Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.
Сәлім Нығметұлы Айтқұлов 1975 жылы 24 сәуірде қайтыс болды, Орал қаласында жерленген.
Әдебиеттер тiзiмi
1965 жыл
1.Ұрыспен өткен барлау: [Кеңес Одағының Батыры С. Айтқұловтың ерлігі туралы] // Орал өңірінің батырлары.-Орал, 1965.-7-8 б.
1969 жыл
2.Айтқұлов Сәлім: өмірдерек // Совет Одағының Батырлары.-Алматы:Қазақстан, 1969.-Т.1.-57-58 б.
1975 жыл
3.Еслямғалиев М. Днепр өзенінен өткенде // Орал өңірі.-1975.-14 қаңтар, 14 қыркүйек.
4.Еслямғалиев М. Қашан да жастар арасында // Лениншіл жас.-1975.-20 ақпан.
1985 жыл
5.Нұртасов Ж. Отан деп соққан от жүрек // Орал өңірі.-1985.-17 сәуір.
2005 жыл
6.Айтқұлов Сәлім Нығметұлы: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-Алматы, 2005.-9б.
7.Нұртасов Ж. Батыр барлаушы // Жайық ардагері.-2005.-20 қаңтар.
2010 жыл
8.Айтқұлов Сәлім: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.- Алматы: Арыс, 2010.-107 б.
9.Айтқұлов Сәлім: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.- Алматы: Өнер, 2010.-14 б.
10.Айтқұлов Сәлім: өмірдерек // Жеңімпаздар-Победители.-Орал, 2010.- 10 б.
11.Жаңақала жерінен шыққан батырлар: [Айтқұлов Сәлім Нығметұлы, Жақсығұлов Садық Шакелұлы, Жүнісов Мәжит, Орақбаев Есен Шегірейұлы фотолары мен өмірбаяндары] // Жаңарған өңір.-2010.–9 мамыр.–1б.