Сдыкова Даржан Әнуарқызы 1965 жылы 10 қыркүйекте Хан ордасы (Орда) ауылында дүниеге келген. 1982 жылы М.Горький атындағы орта мектебін бітіріп, 1985 жылы Орал қаласындағы мәдени – ағарту училищесіне оқуға түсіп, 1987жылы осы оқу орының кітапхана ісі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі – 38 жыл, саладағы еңбек өтілі- 35 жыл. Еңбек жолын 1987 жылы аудандық кітапхананың әдістемелік бөлімінде библиограф болып бастап, 2000 жылы балалар мен жасөспірімдер жұмысын ұйымдастыру әдіскері, 2007жылы осы бөлімнің меңгерушісі болды.
2006 жылы Облыстық кітапхананың қолдауымен өткен «Кітапханашы және оқырман: қарым қатынас негізі» тақырыбындағы аймақтық көлемдегі семинар – кеңеске және «Кітапхана ісін модернизациялау» және «Оқитын Қазақстан»мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру ауыл кітапханаларының мәртебесін көтеру бағытындағы облыстық байқауда Орда ауылдық кітапханасының 2 дәрежелі диплом алуына жетекшілік жасап жұмыстанды.
2008 жылы әдіскер қызметінде «Ауыл кітапханаларының шежіресін» жинақтауда атсалысты.
2011 – 2020жылдар аралығында Бөкей ордасы ОКЖ директоры болды.

2012 жылы Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘ кітапханасының қолдауымен Астана қаласына «Кітапхана қызметінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктері» тақырыбындағы кітапхана жүйесінің директорларының біліктілігін жоғарылату курсына қатысты. Аудандық ОКЖ бойынша өтетін семинар кеңестерде ұжымдастарымен және жаңа келген жас мамандарға өзінің іс тәжірбиесін үнемі бөлісіп кеңесін береді. Өз жұмысына жауапты, ұжымы арасында беделді,жаңаша жұмыс жасауға үнемі мамандарды бағыттап ақыл кеңесін беріп отырды. «Ауыл кітапханаларын модернизациялаудың» 2015-2016 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырып , 2016 жылдың 18 қазанда «Оқырмандарға кітапханалық – ақпараттық қызмет көрсетуде жаңа мүмкіндіктер беретін үлгілі қалыпта жабдықталған Хан ордасы ауылдық кітапхана» және «Оқырмандарға кітапханалық – ақпараттық қызмет көрсетуде жаңа мүмкіндіктер беретін үлгілі қалыпта жабдықталған Хан ордасы ауылдық балалар кітапханасы» статусын беруде жұмыстанып,екі кітапхана жаңа үлгіде жұмыстанып келеді.

2018 жылы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы ұйымдастырған «Ауыл кітапханаларының фестивалінің» өз ауданымызда үлкен серпін берген жоғары деңгейлі семинар өтуіне мұрындық болды.
Даржан Әнуарқызы жұмыс қабілетіне сай еңбегі ескеріліп, Алғыс хаттармен (2020), ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен (2020), бірнеше облыстық Алғыс хаттармен марапатталды.

2020жылы кітап қорын сақтау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі болып ауысып, осы кезге дейен қызмет атқаруда.