Шодаева Раушан Ақболатқызы 1964 жылы 9 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық ауылында туған. Орта мектепті 1981 жылы бітірген. 1983-1985 жылдары Орал мәдени-ағарту училищесінің “кітапхана ісі” мамандығы бойынша білім алған. 2003-2006 жылдары М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білімін жетілдіріп, “кітапханатанушы-библиограф” мамандығын алып шықты. Еңбек жолын 1985 жылы маусым айынан бастап Қаракөл ауылдық кітапханасының меңгерушісі болып бастап, 1986-1989 жылдары Медик балалар кітапханасында қызмет атқарған. 1989 жылдан Бостандық ауылдық кітапханасында қызмет атқарып келеді. Еңбек өтілі 37жыл.
Раушан Ақболатқызы 2000 жылы БҚО Мәдениет басқармасының “Құрмет грамотосы”, 2009 жылы аудандық мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің “Алғыс хатымен”, 2010жылы ЖМолдағалиев атындағы облыстық кітапханасының алғыс хатымен, 2010 жылы Казталов ауданы әкімі атынан құрмет грамотосымен, 2017 жылы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасынаның алғыс хатымен, 2018 жылы “Үздік кітапханашы” аудандық жобасы аясында 3-ші дәрежелі дипломмен, 2020 жылы “Үздік кітапханашы-2020” онлайн байқауынан дипломмен, 2019 жылы Батыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының алғыс хатымен, 2019 жылы Қазақстан Республикасы ‘Қазақстан таланттары өнер-білім шығармашылығы орталығы “Үздік қызметкер” төсбелгісімен, 2021 жылы Казталов аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.