«Шын жүректен – алғысым шексіз»
«Шын жүректен – алғысым шексіз»
Бүгін Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 1 наурыз – Алғыс айту күніне және Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай БҚО Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының мамандарының қатысуымен «Шын жүректен – алғысым шексіз» атты мерекелік шара оздырылды. Аталмыш шара барысында Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Данияр Тлеуханов құттықтау сөз сөйлеп, өздерінің қызметі туралы айта келіп, кітапханамызға «Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс» атты энциклопедиялық анықтамалықты сыйға тартты. Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК директорының орынбасары Нұрлыгүл Сағынова қонақтарды алғыс айту күнімен құттықтады. Мерекелік шарада Республикалық “ZHULDYZ. TV” телеарнасының жыл таңдауы байқауында «Үздік лирикалық ән» аталымы бойынша марапатталған Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншісі Д. Құлбабаев және Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншісі Д.Жагыпарова ән шырқаса, Шешен ұлтының өкілі Д. Әлімсұлтанова «Шешен лирикалық биін» биледі. «Алғыс айту – асыл қасиет» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Пікір үстеу