1783-1797 жж.

1783-1797 жж. Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысына патша үкіметінің малшыларға Орал және Волга (Еділ) өзендерінің арасындағы жайылымдарды пайдалануына тыйым салуына байланысты жер мәселесінің шиеленісуі, сондай-ақ феодалдық және отаршылдық қанаудың күшеюі, хан, сұлтан, Орал казак әскерлері және патша әкімшілігі тарапынан ашық түрде тонау және зорлық-зомбылық себеп болды.

1782-83 жж. қыста Орал казак әскерлері Кіші жүз қазақ шаруаларының “ішкі жаққа” өтіп кеткен (Оралдан асқан) 4 мың жылқысын айдап кетеді. Жұт жағдайында малды айдап әкету шаруалардың шаруашылығына қатты есер етті.

Кіші жүздің батыс аудандарында Орал мен Ембі аралығында көшіп-қонған басқа руларға тез тараған стихиялы көтерілістер басталды.
Көтерілісшілер отрядын, әдетте, рубасылары басқарды. Солардың ішінде байбақты руының басшысы (ақсақалы) ерекше көзге түсті. Ол негізгі күштері Сағы өзенінің ауданында шоғырланған көтерілісшілер отрядтарының орасан зор бөлігін басқарды. 1785 ж. С. Датовтың отрядында 2700 адам болды.

Халық қозғалысының кең етек жаюынан қорыққан Нұралы хан мен Айшуақ сұлтан Орынбордағы патша әкімшілігінен әскери көмек сұрады. Кетерілісті басу үшін 1785 ж. ақпанда патшаның жазалаушы отрядтары жіберілді. Көтерілісшілердің ханға, сұлтандарға, жазалаушы отрядтарға қарсы күресі халықтың қолдауын тапты. Хан билігі дағдарысқа ұшырады. Патша әкімшілігі, ханды ескермей, тікелей рубасыларымен байланыс орнатуға мәжбүр болды. 1786 ж. сәуірде Нұралы хан көтерілісшілердің қыспағымен патша билігінің қоластына қашты, ал сол жылдың июнінде II Екатерина Нұралыны хан тағынан алу туралы рескритке қол қойды. Қалыптасқан жағдайды пайдаланып, патша әкімшілігі хан билігін қысқартқысы (мүдделі) келді. Алайда билер мен рубасыларының көпшілігі мұндай реформаға қарсы екендігін білдірді.

1792 ж. патша әкімшілігінің хан билігін қалпына келтіруімен Кіші жүзде халық қозғалысының жаңа көтерілісі басталды. Бұл уақытта билердің көпшілігі қозғалыстан бөлінгенді, ал С. Датов партизандық күреске көшкен болатын.

1797 ж. көтерілісшілер Есім ханды өлтірді. Патша үкіметі жауап ретінде тек жазалаушы отряд жіберіп қана қойған жоқ, сонымен бірге Кіші жүзде хансыз Хан кеңесін құрды. Ал бұл сұлтан, би, рубасыларының мүддесіне сай еді, олардың көтерілісшілерге қарсы бірігуіне жағдай жасады. Осы жерде С. Датовтың тұрақсыздығы білінді: 1797 ж. 29 тамызда ол үлкен отряд басқарып, Хан кеңесінің мәжілісіне келді және күресті тоқтататыны туралы мәлімдеді. Бұл әрекеті үшін оны Хан кеңесіне алды, ал көтерілісшілер басшысыз қалды. Үзілістерімен барлығы 14 ж. созылған шаруалар кетерілісі құлдырап, көп кешікпей тоқтады.

1783-1797 жж. Сырым Датов басқарған көтеріліс патшалық езгіге және оның қолшоқпарлары: хандар мен сұлтандарға қарсы кең тараған бұқаралық қозғалыс болды. Көтеріліс, онда негізгі күш болған шаруалардан басқа, хан-сұлтандар тарапынан праволары шектеліп отырған патриархалдық-рулық ақсүйектердің қатысуымен ерекшеленді.