Түменова Гүлден Нұрланқызы Батыс Қазақстан облысы, Казталовка ауданы, Қошанкөл ауылында 1985 жыл 12 сәуірде дүниеге келген. Білімі арнаулы орта. 2002–2004 жж. аралығында Орал гуманитарлық колледжінің «Кітапхана ісі» бойынша мамандық алған. Еңбек өтілі – 9жыл, саладағы еңбек өтілі – 9жыл. Бөкей ордасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Қарасу филиал кітапханасында 2013 жылдан кітапханашы болып қызмет жасайды. Еңбекке құлшынысы мен іске деген шығармашылық ынғайымен әрдайым ерекшеленеді. Мамандығын жетілдіру мақсатында 2018 жылы Орал инновациялық экономикалық институтының «кітапхана ісі» мамандығы бойынша сырттай оқуға түсіп, 2021жылы бітіріп шықты.
Кітапханада мәдени іс – шараларды ұйымдастырып, оқырмандармен тез тіл табысып, оқырман сұраныстарын қанағаттандырып, өз ісінің маманы екенін көрсетіп отыр. Оқырмандарға жаңа техника мен кітапты байланыстырып виртуалды көрмелер,видео журналдар ұйымдастырып,жас оқырмандарды кітапқа тартуда жұмыстанып жүр.

Облыстық кітапхананың бастамасымен ұйымдастырылған «Қауіпсіз Интернет» апталығын өткізуді дәстүрге айналдырып, ауылдағы жасөспірімдерге желідегі қауіпсіздік бойынша түрлі шаралар өткізіп жұмыстануда.
Кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілеті үшін республикалық және облыстық алғыс хаттармен марапатталған.