Уразаева Шолпан Қуанышқалиқызы 1965 жылы 21 наурызда Орал облысы Теректі ауданы Пойма бекетінде дүниеге келген. 1984 жылы Куйбышев мемлекеттік мәдениет институтының кітапхана факультетіне оқуға түсіп, 1989 жылы тәмамдады. 1989 жылы облыстық кітапхананың ауылшаруашылық бөліміне кітапханашы бөліміне қабылданады. 1999 жылы Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК директорының міндетін атқарып, 2022 жылы көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық кітапхананың директоры болып тағайындалады. 2007 жылы БҚМОБ «Жастар шығармашылығы орталығы» МКҚК директорының орынбасары міндетін атқарады.
Қазіргі таңда Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры. Шолпан Қуанышқалиқызы бұған дейін кітапхана саласындағы лауазымдық қызметтерді атқара отырып, еліміздегі тоқырау жылдары кітапханалар жаппай жабылып жатқан кезеңде кітапхананың ғылыми-әдістемелік бөліміне жетекшілік етіп, кітапхана ісінің дамуына, облыс кітапханалары жүйесінің сақталуына зор үлес қосты.

  Кітапханада «Еуразиялық мәдениет және кітапхана ресурстарының интеграциясы» іс-шара аясында «Орал-Қазақстанның кітапханалар астанасы» (2002 жыл) атты халықаралық конференциясын өткізіп, кітапхана облыс кітапханаларының кітап қорын толықтыру, компьютерлендіру қызметін өз қолына алды. Интернет жүйесін пайдалану орталығын құруға АҚШ және Халықаралық Зерттеулер мен өзара алмасу жөніндегі кеңестің IREX қаржыландыру грантын жеңіп алды.
Қазіргі таңда Шолпан Қуанышқалиқызының жетекшілігімен еліміздегі ауылдық кітапханаларды мәдени, ағарту және бос уақыт өткізу орталығы ретінде жаңғырту қолға алынып, ауыл тұрғындарына жаңа форматта ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету бағытында коворкинг орталықтары ашылуда.

  Кітапхана басшыларының жетекшілігімен еліміздегі және көршілес РФ-ның ірі кітапханаларымен өзара ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылып, еліміздің тарихы, саясаты мен экономикасы, әдебиеті мен мәдениетін өркендету бағытындағы оң өзгерістер мен игі істерді насихаттай отырып, түрлі халықаралық, республикалық ғылыми конференциялар, семинарлар, мәдени көпшілік шаралар, кітапханалық жобалар мен байқаулар т.б. көптеген жұмыс түрлері жүзеге асырылды.
Шолпан Қуанышқалиқызы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен (2018 ж.), ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» (2019 ж), ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының «Халық құрметі», Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірім», Қазақстандық кітапханалық Одақтың «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен (2020 ж.) марапатталды. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Жұбан Молдағалиеватындағы төсбелгісімен (2020ж), 2021 жылы «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Жыл кітапханашысы»(2021) аталымына ие болды.