ЖҰБАН ЖЫРЛАРЫ
ЖҰБАН ЖЫРЛАРЫ
access_time24.01.2025
perm_identity
Posted by admin123 admin123
folder_open
Жаңалықтар
Тайпақ деген жер бар
Түстік жол ғана Оралдан
Тайпақкөл деген жер де бар
Белбеу боп Жайық оралған
Ол жерде сел де, жел де бар.
Еркек шөп, еркек гүл де бар
Атайды солай, қызық-ай!
Ер болсаң, озып жүлде ал,
Қылыққа, назға қызы бай.
Зор қимыл, ірі мінезге
Замандай жомарт адамы –ай!
Шарықтап кеткен лезде
Дарынды дарқан далам-ай.
Күлкісін көрсең балқисың,
Қаһарын көрсең ығасың.
Ән-жырға басса шалқисың,
Жаның да содан ұғасың.
Тайпағым, туған Тайпағым,
Жерлестер қандай дер еді.
Дырдуға бар-ау сайтаның,
Алқабың нендей жыр еді!
Тайпағым менің, Тайпағым!
Көліңнің кештім жайпағын,
Жеріңнің кездім байтағын,
Еліңнің көрдім май таңын.
Жаңа өзен, кәрі Шеген бар,
«Сүйгенің – сұлу» деген бар,
Жайықты және шайқадым.
Сұлусың сен де, байқадым.
Саған мен дәйім баламын,
Анам деп сені айтамын.
Жыр мініп сенен қайтамын
Жаяулап қалса қаламым.



Пікір үстеу