Ж.Молдағалиев атындағы ООӘҒК директоры Уразаева Шолпан Қуанышқалиқызы мерейлі 60 жасқа толып отыр
Ж.Молдағалиев атындағы ООӘҒК директоры Уразаева Шолпан Қуанышқалиқызы мерейлі 60 жасқа толып отыр
access_time21.03.2025
perm_identity
Posted by admin123 admin123
folder_open
Жаңалықтар
Бүгін Ж.Молдағалиев атындағы ООӘҒК директоры Уразаева Шолпан Қуанышқалиқызы мерейлі 60 жасқа толып отыр.
Шолпан Қуанышқалиқызы кәсіби өмір мектебінен өткен бірден-бір басшы. Басқару стилі саланы дамытуға бағытталған, үнемі өзгеріп отыратын ақпаратты қоғамға қабілетті, жаңашылдыққа құштар, еңбекқор, жан-жақты маман иесі.
Мәдениет саласында еңбек жолын 1989 жылы Н.К.Крупская атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында кітапханашы қызметінде бастаған. Ол Ақжайық атырабының өнері мен мәдениетінің өркендеуіне зор үлес қосып келе жатқан жетік маман, қабілетті басшы.
Шолпан Қуанышқалиқызының жетекшілігімен еліміздегі ауылдық кітапханаларды мәдени ағарту және бос уақыт өткізу орталығы ретінде жаңғырту қолға алынып, ауыл тұрғындарына жаңа форматта ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету максатында мәдени-тынығу, ағарту және коворкинг орталықтары болып ашылды.
2024-2025 жылдары «Ауылдық кітапханаларды модернизациялау» жобасы аясында Батыс Қазақстан облысының 25 ауылдық кітапхананың модернизацияланып, замануи үлгіде оқырманға қызмет көрсетуіне Шолпан Қуанышқалиқызының қосқан үлесі зор. Түрлі лауазымдық қызметтерді атқара жүріп, ұлттық құндылықтарымызды жинап, сақтау ісіне сүбелі үлес қосуда, қазақ мәдениетінің жетістіктерін насихаттауда да аянбай еңбек етуде.
Құрметті Шолпан Қуанышқалиқызы!
Сіздің өміріңіз бен еңбек жолыңыз кітапхана саласында өскелең ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттыруға, кітаптың құдіретін түсінуге үлкен үлес қосып келеді. Сіздің ұйымдастыру шеберлігіңіз бен адал еңбегіңіз арқасында кітапханамыздың жұмысы жоғары деңгейде дамып, кеңінен танылуда.
Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, ұзақ та жемісті ғұмыр тілейміз! Өмір жолыңыз әрқашан қуаныш пен табысқа толы болсын. Мерейтойыңыз құтты болсын!



Пікір үстеу