Ескендір Хасанғалиевтің туғанына 85 жыл толуына орай “Дархан дарын иесі” атты музыкалық танымдық шара өткізілді
Ескендір Хасанғалиевтің туғанына 85 жыл толуына орай “Дархан дарын иесі” атты музыкалық танымдық шара өткізілді
Ағымдағы жылдың 2 наурызы күні 5517 әскери бөлімімен бірлесе әйгілі композитор, халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің туғанына 85 жыл толуына орай “Дархан дарын иесі” атты музыкалық танымдық шара өткізілді. Шара барысында Е.Хасанғалиев туралы бейне үзік көрсетіліп, сарбаздар “Анаға сәлем” әнін шырқады. Сарбаздарға Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап кітапханасының маманы Сдықова Даржан Ануарқызы “Әлемді әнімен әлдилеген…” атты кітап көрмесін таныстырды. Қазақ ән өнерін жаңа биікке көтерген композитор, әнші, Қазақстанның халық әртісі Ескендір ағамыз бүкіл ғұмырын музыка саласына арнап, отандық өнердің өрісін кеңейтуге үлкен үлес қосқан дарын иесі. Ол әуезді әндерімен халқының ыстық ықыласына бөленіп, ерекше құрметіне ие болды. Әр қазақ жатқа білетін “Атамекен” әні елдің еңсесін көтеріп, рухын асқақтатын қайталанбас туынды болып қала береді. Шара соңында сарбаздар “Атамекен” әнін орындады.






Пікір үстеу