«Кітап оқитын ұлт» — Республикалық кітап оқу марафонына тіркелу басталды!
«Кітап оқитын ұлт» — Республикалық кітап оқу марафонына тіркелу басталды!
📚 «Кітап оқитын ұлт» — Республикалық кітап оқу марафонына тіркелу басталды!
Қазақстанда алғаш рет өтетін ауқымды марафон еліміздің барлық өңірінен оқырмандарды біріктіреді.
📅 Марафон: қыркүйек 2026 – сәуір 2027
Қатысуға 7 бағыт бойынша болады:
📖 «Кітап оқитын мектеп»
🎓 «Кітап оқитын колледж»
🏫 «Кітап оқитын университет»
👩🏫 «Кітап оқитын педагог»
👥 «Кітап оқитын әулет»
🏛️ «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші»
🧠 «Кітап оқитын зиялы»
Қатысушылар арнайы іріктелген 330 кітаптың ішінен 15 кітап оқиды. Негізгі оқу кезеңі қыркүйектен 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Қорытынды кезеңде тестілеу мен интеллектуалды квиздер өтеді.
🏆 Жүлде қоры:
🥇 600 000 ₸
🥈 450 000 ₸
🥉 300 000 ₸
Барлық финалистер дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
📌 Қатысу ережелері мен кітаптар тізімі:
www.reading-nation.kz
Кітап оқиық. Білімді, ойлайтын ұлт болайық!



Пікір үстеу