«Ұмытылмас ұлы күн» аудандық фестивалі
«Ұмытылмас ұлы күн» аудандық фестивалі
access_time29.03.2025
perm_identity
Posted by admin123 admin123
folder_open
Жаңалықтар
Биыл аға-буын ардагерлер мен тылда тынымсыз еңбек еткен тыл ардагерлерінің ерен еңбектеріне толы Ұлы Жеңіске 80 жыл толғалы отыр.
Осы мереке қарсаңында
Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, Жаңақала колледжі және Жаңақала аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен
«Ұмытылмас ұлы күн» атты аудандық фестивалі өтті.
Фестиваль ерліктің ерен үлгісін танытып, бүгінгі бейбіт күнді сыйлаған майдангерлерімізді еске алумен басталды.
“Жеңіс жалауы” көрінісі көрсетіліп,
Т. Бисенғалиев
“Қазақтың батыр қыздары”,
Жаңақала колледжінің оқытушылары
Д.Ерболатқызы,
С.Қанатқызы,
С. Сабырғалиқызы
“На безымянной высоте”,
А.Ғабдуллина “Жеңіс күні” әндерін шырқады.
Жерлес ақындар З.Сисенғалидің
«Жеңіс туралы ой», М.Балмолданың “Мәңгілік алау” өлеңдерін С.Серікова, С.Ермекова, А.Мусаева,Н.Нуханова, Л.Садырова, А.Наурызбаева аса бір тебіреніспен оқып, оқырман жүрегіне жеткізе білді.
Сонымен қатар, ауданымыздың ардагерлері Мәжит Жаданов пен Садық Жақсығұлов аталарымыздың мұрағатта қалған бейне жазбалары көрермен назарына ұсынылды.


Пікір үстеу