«Жұбан аруы» атты байқау ұйымдастырылды
«Жұбан аруы» атты байқау ұйымдастырылды
access_time11.03.2025
perm_identity
Posted by admin123 admin123
folder_open
Жаңалықтар
7 наурыз күні кітапханада нәзік жандылар мерекесі қарсаңында, ұжым арасында қазақ халқының мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу, кітапханашы аруларымызды басқа қырынан тану мақсатында «Жұбан аруы» атты байқау ұйымдастырылды.
Байқауға кітапханамыздың әр бөлімінен 7 қызметкер қатысты. Қатысушы кітапханашылар өте белсенді болды, олар керемет көңіл күй сыйлап, шараны ерекше әсерлі етті. Аруларымыз жауапкершілікпен және тыңғылықты дайындықпен келіп, өз міндеттерін жоғары деңгейде орындады. Әрқайсысы өз ісіне деген адалдығын көрсетіп, мерекелік шараның өткізілуіне үлкен үлес қосты.
Сайыста Қарасаева Гүлшат Қайырғалиқызы бас жүлде иеленіп, «Жұбан аруы» атанды. Қалған қатысушылар әртүрлі номинациялар бойынша марапатталып, аруларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.



















Пікір үстеу